Атырау, 25 сәуір 19:05
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Алматы кездесуі: Путин Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті", "Оскар жүлдесін тапсыру кезінде дүрбелең болды", "Оппозициялық саясаткер ұсталғалы Қырғызстанда шерулер байқалады"

2 000 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Оскар жүлдесін тапсыру кезінде дүрбелең болды" - Америка киноакадемиясының «Үздік фильм» номинациясы бойынша бас жүлдесі бозбаланың үлкен өмірге араласқан шағын түсірген Moonlight (Ай нұры) фильміне берілді. Бірақ жүргізуші бас жүлденің иегері ретінде басқа фильмді атап, залда біраз дүрбелең болды.

"«Мына ордадан кету керек»" - Ақпанның 26-сы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15.45-те (Мәскеу уақытымен – сағат 11.45) белсенді Ильдар Дадин Алтай өлкесінің Рубцовск қаласындағы ИК-5 түрмесінен бостандыққа шықты. Ол Ресей жоғарғы сотының бұрынғы үкімнің күшін жойып, Дадинді дереу босату жайлы шешімінен кейін төрт күннен соң босады. Колония қақпасы алдында журналистерге жауап берген Дадин «Путин режимімен» күресе беру үшін Ресейде қалатынын мәлімдеді.

"Оппозициялық саясаткер ұсталғалы Қырғызстанда шерулер байқалады" - 2017 жылы ақпанның 26-сы күні таңертең Бішкектегі «Манас» әуежайында Қырғызстан парламенті депутаты, оппозициялық «Ата Мекен» партиясы лидері Омурбек Текебаев ұсталды. Осы күні бұл елде бірнеше наразылық жиындары өтті. Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева елдегі саяси күштерді Қырғызстандағы жағдайға байланысты "консультацияларды бастауға" шақырды.

365INFO.KZ. "Білім саласы былыққа әбден батыпты. Сау балаларды мүгедек ететін мектеп бар" - ОҚО Бәйдібек ауданы Амансай ауылында мектеп директоры 10 баланың өміріне қиянат жасап келген. Бас мұғалімнің былығын ашқан ата-ана «бала тағдырына балта шаппақ болған басшы жауапқа тартылсын» деген талап қоюда.

"«Билік бізді қатырып кетті!». Қарағандылық кәсіпкерлер зар илеуде" - Қарағандыда 2015 жылы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салып берген үйлер төңірегінде дау дамай туындады.

ABAI.KZ. "Қадыралинаның президент қол қойған заңды бұрмалауға хақысы бар ма, Мырзахметов мырза?!" - Біз ҚХР-дан ілгерінді-кейінді көшіп келіп, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылына қоныстандық. Жиырма отбасымыз. Бәріміз тұрақты тіркеуге тұрып, бәріміз «Оралман» мәртебесін алдық. Міне, бір жылдан бері өз күнімізді өзіміз көріп, тірлік етіп келеміз. Ауыл тұрғындары жылы жүз, ыстық құшақпен қарсы алды. Алдағы жерде артта қалған туыс-туған, құда-жегжаттарымыз да ат басын осы ауылға бұрсақ деп, көштің түйесін қомдап отыр. Жаз шықса, олар да оралады.

"Желтоқсаншының ащы шындығы" - 2012 жылдан бастап «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ-не істелініп жатқан қарсы әрекеттер шаш-етектен. «Тисе бұтаққа, тимесе тереке» дегендей небір желтоқсаншы батырлар, ұйымға тіркеле салысымен ұйымға байланысты теріс ақпараттар беруден шаршамады. «ПҚ «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ 2008-2016 жылдар аралығында ұлттық мүдеде 186 іс-шара өткізіп, өз қаражаттарынан 8 000 000 теңгедей жұмсады.

TURKYSTAN.KZ. "Жұлдыздар ұзақ жанса егер…" - Бокс – қазақ үшін бірінші нөмірлі спорт түрі. Құдайға шүкір, дүбірлі додаларда сенген серкелеріміз құрқол қайтып көрген емес. Сонау Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалап, Серік Қонақбаевтар биік деңгейге көтерген қазақ боксымен бүгін әлем санасуға мәжбүр. Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтер ұлт айбарына айналған. Кәсіби бокста Марат Мәзімбаев, Бейбіт Шүменовтер кезінде чемпиондық атаққа қол жеткізсе, бүгінде Геннадий Головкиннің, Қанат Исламның қарқыны қатты.

QAMSHY.KZ. "Қазақ-қытай ынтымақтастығы турасында Жеңіс Қасымбек пікір білдірді" - ҚР Инвестициялар мен даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан-Қытай елдері арасындағы қарым-қатынас жайлы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазады.

"Алматы кездесуі: Путин Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қолдауынан үмітті" - Қазақстан мен Ресей Президенттері кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және күн тәртібіндегі басты халықаралық тақырыптарды талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


27 ақпан 2017, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.