Атырау, 25 сәуір 16:59
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қадірі қашқан мамандық", "Құқық қорғаушы Санат Бөкенов сотқа қатысудан бас тартты", "Әзiрбайжаннан Қазақстанға дейiнгi отбасы билiгi", "Қазақты қырған кеңестік әскердің мерекесін тойлап жүрміз", "Атамбаевты тақтан тайдыратын кім?"

2 201 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Аятжан Ахметжан, республикалық “Қазбiлiм” орталығының директоры: министрлiк әлем мойындаған Асқар Жұмадiлдаевтi тыңдаса деген өтiнiшiм бар" - Бiлiм және ғылым министрлiгiне басшылық қызметке келгенiне бiр жыл толуына орай, Ерлан Сағадиев осыдан бiрер күн бұрын халыққа есеп берiп, осы мерзiм iшiнде қандай жұмыстар атқарылды, алда қандай жоспарлар бар дегенге тоқталды. Бiр анығы, бұл орайда, әр алуан көзқарас, түрлi пiкiр бар. “Шымшық сойса да қасапшы сойсын” демекшi, бiз бұл мәселенi бiлiм саласының өз қазанында қайнап жүрген бiлiктi маман, ұстаз Аятжан Ахметжанмен бiрге сараптағанды жөн көрдiк.

"Әзiрбайжаннан Қазақстанға дейiнгi отбасы билiгi" - Көптеген елдерде президентке әйелi мен туыстарын мемлекеттiк қызметке тағайындауға тыйым салынған. Алайда өркениет көшiне iлеспей қалған елдердемұндай тыйым атымен жоқ.

"Қазақтың күрiшi мен етi өтпей ме?" - Бiздiң ел ТМД-ның азық-түлiк нарығындағы үлесiнен айырыла бастады. Қараңыздар, 2016 жылы достастық мемлекеттерге азық-түлiк экспорты 20 пайызға қысқарған. Бұл – шамамен 623 миллион доллар. Осыншама көл-көсiр дүние жоғалтып отырмыз. Мамандар экспорттың кемуiне басты себеп iргедегi Өзбекстан мен Тәжiкстан тарапынан сұраныстың азаюынан деген баға бередi.

AZATTYQ.ORG. "Құқық қорғаушы Санат Бөкенов сотқа қатысудан бас тартты" - Кеше балқаштық құқық қорғаушы Санат Бөкенов жергілікті прокурорды қаралап, жалған мәлімет тарату ісін қараған сотқа қатысудан бас тартты. Ол бас тарту себебін «сотқа сенбеймін» деп түсіндірді.

"Шымбұлақтың жабылуын Путиннен көреді" - Алматыда тау бөктеріндегі Шымбұлақ тау шаңғысы курорты мен оған және Үлкен Алматы көліне апаратын жолдар бес күнге жабылды. Ресми себебі – қар көшкіні жүру қатері. Қазақстанда әлеуметтік желілердегі кей пайдаланушылар мұны Путиннің сапарымен байланыстырады.

365INFO.KZ. "«Игорьдің өлімін ұлымнан көрді». Ашынған ананың жанайқайын Бас прокурор неге естімейді?" - «Балам жазықсыз сотталды», деп зар еңіреген ана Мейрам Қонғанбайқызының жанайқайы Жоғарғы сотқа, Парламент депутаттары жмен Бас Прокуратураға жетеді деп сенеміз.

TURKYSTAN.KZ. "Бірде сылбыр, бірде қарқын алған қазақ көші" - Елімізде көші-қон саясаты жүзеге асқалы атақонысына көш түзеген қандастардың саны артты. Алайда жырақтағы 5 млн қазақты Отанға қалай әкелуге болады? Қытайдың ресми дереккөздері бойынша, 1,5 миллион, ресми емес дереккөздері бойынша 2,5 миллион қазаққа, сондай-ақ Өзбекстандағы 1 миллион 600 мың қандасымызға арқа сүйеуге бола ма? Мұның сыртындағы Ресейдегі 800 мың, Моңғолиядағы 120 мың қазақты қайда қоямыз?

"Қадірі қашқан мамандық" - Мектептің де, қоғамның да, білім мен ғылымның да, ұлттың да бір жанашыры – ұстаз. Ал ұстаздың беделі – елдің абыройы. Қазақтың «ұстаз – ұлы есім» дейтіні сондықтан. Бала санасына білім нәрін сеуіп, шәкіртіне білгенін үйретуден жалықпайтын мұғалімдердің арқалаған жүгі ауыр. Бүгінгі күні ұстаздар қауымына тіптен көп міндет жүктеліп отырғаны да жиі сөз болады. Шәкірттеріне білім беруден бөлек қағаз толтырудан қолы босамайтын ұстаздардың мұңына құлақ түрген Мәжіліс депутаттары жуырда өткен Үкімет сағатында осы мәселеге қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

ABAI.KZ. "Еліңе қайт, ағайын!" - Жақын арада Парламентте жаңа көші-қон заңы талқыланды. Толықтырулар мен түзетулер енгізілген бұл заңның оралман ағайынға тиімді жақтары аз емес екен.

"Қазақты қырған кеңестік әскердің мерекесін тойлап жүрміз" - Кеше әлеуметтік желілер арқылы кезіндегі кеңестік мейрамдардың бірі болған «23-ақпан – Кеңес Армиясының күні» жадымыздан әлі өшпегенін байқадық. Қазір бұл дата Ресейдегі Отан қорғаушылар күні ретінде тойланады.  Қазақстанның ол мерекеге еш қатысы жоқ. Әлбетте, кеңестік әскер сапында борышын абыроймен атқарған әке, ағаларымыздың жастық шақтың жарқын естеліктерін жаңғыртқанында тұрған пәлендей ештеңе болмауы мүмкін. Бірақ ұлттық мемлекет құру жолындағы бүгінгі ұрпақ санаға сынадай қағылған ескіліктің сарқыншақтарынан батыл арылғаны абзал.

QAMSHY.KZ. "«Өз жерін аямаған қытай қазақ жерінің дымын қалдырмайды»" - Қазіргі таңда жерді жалға беру мәселесі өте өзекті. Осыған орай Qamshy.kz порталы кәсіпкер Жолдыбай Ошырбайұлының өз жерімізді өзіміз игеру, ауылшаруашылығын дамыту, экспортты арттыру және Қытайға жерді неліктен жалға беруге болмайтыны турасында айтқан дәйектерін назарларыңызға ұсынамыз.

AIKYN.KZ. "Атамбаевты тақтан тайдыратын кім?" - Қырғызстанда биыл  өтетін президент  сайлауының уақыты  белгіленді. Егерде аяқасты  өзгертулер болмаса, сайлау қарашаның 19-жұлдызында болады. Бір  белгілі жағдай,  айырқалпақтылар сайлау десе жанын  салатын әдеті бар. Мәселен, 2011 жылы  өткен додаға 83  үміткер  қатысқан. Бірақ солардың 16-сы  ғана сайлауға  жетті. Бұл жолы  қалай  болмақ? Әрине, саясат  сахнасының көрігін қыздырып жүрген   белгілі саясаткерлер Темір  Сариев, Өмірбек Бабанов, Бақат Торобаевтар   тағы да бақ сынап  көрері анық.

EGEMEN.KZ. "Терроризм мен экстремизм — кез келген ел үшін үлкен қатер" - Әлемдік деңгейде күн тәртібінен түспей тұрған экстремизм мен терроризмге қарсы күрес біздің елімізде де кеңінен жүргізілуде. Құқық қорғау органдары тарапынан жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар да аз емес. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің елордада экстремизм және терроризмге қарсы күрес мәселелері талқыланған жиында келтірген мәліметтерінен көруге болады. Деректерге қарағанда, еліміздің тиісті құқық қорғау органдары 2011 жылдан бері алдын ала дайындалған экстремистік бағыттағы 64 актінің жолын кескен. Өткен жылы осындай тоғыз актіге тосқауыл қойылған. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлерге террористік шабуылдар ұйымдастыруға жол берілмепті.

24 ақпан 2017, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.