Атырау, 25 сәуір 05:38
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"ЭКСПО-дағы «Боратстан» бейнесi", "Үстірт қорығын газ үшін құрбан етуі мүмкін бе?", "Арман Шораев: «Қазақ ұлтшылдығын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ»", "Ресей өз былықтарын өзі реттеп, ұпай жинап жатыр", "Путин Орта азияға сапарға шықпақ. Ойында не ба

1 975 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қағазда бәрi қанттай..." - Қай кезде де ешкiмдi бейтарап қалдырмауға тиiстi бiр жайт, ол – бiлiмге қатысты. Бiлiм саласына самарқау қарау – ұлт ұрпағының болашағына шабылған балта. Ол түсiнiктi де. Бiрақ ел-жұрт тарапынан айтылған сын-ескертпелерден, өтiнiш-тiлектерден шыққан немесе шығатын нәтиже бар ма?.. Мәселе осында.

"ЭКСПО-дағы «Боратстан» бейнесi" - Астанада өткен ЭКСПО көрмесiнiң кезектi жиынында Қазақстан шенеунiктерi шетелдiк қонақтардың аяқтарын жерге түсiрмей, аязға беттерiн қарғызбай, жүгiрiп жүрiп қарсы алды. Қонақтардың көңiлдерiнен шығу үшiн бiздiң шендiлер қазақ тiлiн ысырып қойып, ағылшынша сөйлеп құрақ ұшты. Ал шетелдiктер болса, қазақ шенеунiктерiнiң осындай жанталасы мен жарбақайлығына назар да аудармады. Олар өз павильондарының сыртқы маңдайшасындағы жазу өз ана тiлiмiзде болуы шарт деп отыр.

AZATTYQ.ORG. "Ресей өз былықтарын өзі реттеп, ұпай жинап жатыр" - Әлемде аласапыран көбейіп барады. Бірақ дүлей дауылдың ортасында сенімді әрі алаңсыз көрінетін жалғыз ел болса, ол – Владимир Путин басқаратын Ресей.

"Үстірт қорығын газ үшін құрбан етуі мүмкін бе?" - Маңғыстау облысындағы Үстірт қорығы маңындағы Қансу газ кенішін барлау жұмыстары жүріп жатыр. Кей экологтар газ өндіру ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне ұсынылған өлкенің қайталанбас табиғатын бүлдіреді деп санайды. Биліктің пікірінше, Қансу кен орнын игеру аймақтың әлеуметтік дамуына септеседі.

365INFO.KZ. "Арман Шораев: «Қазақ ұлтшылдығын құбыжық етіп көрсетудің қажеті жоқ»" - Фашистер, ультра радикалдар деген ұғымды қазаққа қолдануға болмайды. Иә, соңғы кездері ұлтшылдығымыз күшейді, бірақ ол кейбіреулер көрсеткісі келетіндей, экстремистік, сепаратистік сипатта емес. Қазақ сол бәз-баяғы толерантты, парасатты қалпында.

"Алтынбек не дер еді? «Жас Алаштағы» айғай-шудың артында кім тұр?" - Қазақтілді ақпарат құралдарының арасында 90 жылдық тарихы бар, одан бұрын өз бағыты мен ұстанымы бар «Жас Алаштың» орны бөлек. Сырттай қарағанда сүттей ұйыған ұжымнан бір-ақ күнде ши шықты.

ҚАЗТАГ. "Неліктен Қазақстанның төлем балансының көрсеткіштері бұрынғысынша алаңдатады?" - Республиканың былтырғы төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты бойынша ҚР Ұлттық банктің алдын ала мәліметтері көңіл көншітпейтін болып шықты. Алдыңғы жылғы нәтижелермен салыстырғанда ағымдағы шоттың теріс сальдосы тек өсіп отырды. Мұның барлығы соңғы рет жүргізілген жаппай девальвацияның соңғы екі жылда Қазақстан экономикасындағы дисбалансты теңгерудегі тиімділігінің тым төмендігін көрсетеді.

ABAI.KZ. "Путин Орта азияға сапарға шықпақ. Ойында не бар?" - Путинмен Назарбаевтың Алматыда өткізетін жарты күнінде нелер талқыланбақ? Енді осыған тоқталайық. Бұған қатысты ресми органдар мәлімет таратпағанымен, жоғарыдағы айтылған өңір аралық әм халықаралық мәселелерді тарқатып көрейік.


23 ақпан 2017, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.