Атырау, 29 наурыз 05:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Электронды төлқұжатта адамның барлық ауру-сырқаттары сақталады - Біртанов

1 350 просмотра

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, денсаулықтың электронды құжаттарында адамның туғанынан бастап, осы уақытқа дейінгі барлық ауру-сырқаттары сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Келесі жылдан бастап баланың туғанынан бастап барлық мәліметтер арнайы электронды төлқұжатқа жазылады. Сосын әрбір адамның жеке кабинеті болады. Сол жерде барлық ем-дом шараларымен танысуға мүмкіндік жасалады», - деді Біртанов бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Оның айтуынша, аталған бастаманы іске асыру үшін арнайы электронды платформа жасақталады. Мемлекеттік және жекеменшік емxаналар өз ақпараттық жүйелерін сол платформаға қосып, «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсете алады. Аталған шаралардың барлығы «Цифрлық Қазақстан - 2020» бағдарламасында көрсетілген. 

Айта кетейік, бүгінгі брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Көксай шатқалында қар көшкінінен жарақат алған сарбаздардың қазіргі xал-жағдайы туралы айтып берді. Сондай-ақ Түркістандағы псиxоневрологиялық диспансердің басшылығының жұмыстан қуылғанын жеткізді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 ақпан 2017, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.