Атырау, 25 сәуір 15:47
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Спорт жаңалықтары

2 719 просмотра

ТАЕКВАНДО

Стамбулда таеквондодан Еуропаның ашық чемпионатында клуб командалары арасында атыраулық спортшы Айгүл Елубай 73 келіге дейінгі салмақта қола алтын иеленді

Бұл «G-1» дәрежесіндегі турнир, сондықтан Айгүлдің есебіне 2020 жылғы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігі үшін алғашқы рейтингілік ұпайлар жазылды.

КҮРЕС

Мәскеу облысының Подольск қаласында Еуропа және КСРО чемпионы В.Г.Ивлевтің сыйлығына грек-рим күресі бойынша халықаралық турнир өтті. 

Сайысқа Өзбекстаннан, Латвиядан, Белоруссиядан, Ресей мен Қазақстаннан мықты палуандар қатысты. Атыраудың намысын қорғаған Қазақстан және Азия чемпионы Мақсат Ережепов (75 келіге дейін) алтын алқа тақты. Оны бапкер Ербол Әділбаев жаттықтырады.

БАСКЕТБОЛ

Атырауда 2003-04 және 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында өткен баскетболдан ел чемпионаты аяқталды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Атырау барыстары-04» командасы алтыншы орынды, «Атырау барыстары-03» - төртінші орынды иеленді. Кіші жастағы жасөспірімдер арасында: «Атырау барыстары-05» алтыншы орын алды, ал «Атырау барыстары-06» финалға шығып, 17:69 есебімен  «Алматы» командасына жол берді. Қорытындысында күміс алқа иеленді.

КӨПСАЙЫС

Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен Жайық мұзында мектеп пен колледж оқушыларының арасында қысқы президенттік көпсайыс бойынша жарыс өтті.

Жүлделі орындар былайша бөлінді (тиісінше, 1-ші орыннан бастап 3-ші орынға дейін): 14-15 жас, қыздар - Ирина Ли, Сабина Уталиева, Аружан Доспаева; бозбалалар - Андрей Перекурцев, Әлішер Өтеғұлов, Магомед Мамедов; 16-17 жас, қыздар - Надежда Сергей, Саяжан Саясат, Кристина Тюгай; бозбалалар - Әлібек Тапаев, Нұртан Жолдас, Виталий Ташекенов.

КАРАТЕ


Астраханда кекушинкай карате бойынша «жаңадан келгендер» арасында халықаралық турнир өтті.

Турнирге шығыс жекпе-жегінің бұл түрін меңгергеніне екі жыл болған Ресей мен Қазақстанның 500-ге тарта жас каратешілері қатысты. 
Атыраулық қатысушылар арасынан Мұхамед Марат алтын, Нұржан Елемес пен Нұрдәулет Амангелді күміс, Ильхам Берік қола алқа алды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ





23 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.