Атырау, 29 наурыз 15:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауға 28 газ слесарі аздық етеді

Бейнежазба
3 033 просмотра
Жасболат БЕРЖАНОВ

Тұтынушылар түтіндеткіш және желдету арнасын тексеруге келісімшарт жасауға міндетті емес, бірақ, кейбір фирмалардың өкілдері абоненттерді алдау арқылы қағаздарға  қол қойғызып,  өз қызметтері үшін ақы төлеуге мәжбүрлеп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы» ЖШС (КҚЕО) директорының орынбасары Ерлан МҰРЗАБЕКОВ хабарлады. 

Брифинг жылу маусымы кезеңінде иісті газбен улану фактілерінің алдын алуға арналды. Атырау облысының ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Жасболат БЕРЖАНОВТЫҢ айтуынша, жылыту маусымы басталғаннан (15 қазан 2016 жыл) бастап облыс аумағында иісті және табиғи газбен уланған 22 жағдай тіркелді. 52 адам зардап шексе, оның 25-і бала. Исатай ауданында 58 жастағы ер адам қайтыс болды. Жыл басынан бері облыста 49 өрт орын алды (бақытымызға қарай қаза болғандар болмады), оның көп бөлігін тұрғын үй секторы алып отыр. Иісті газбен улануға жылыту пештерінің (түтіндеткіштердің бітеліп қалуы) және газ құралдарының дұрыс қолданылмауы жиі себеп болып отыр. ТЖ өкілдері 2013 жылдан бастап газ жабдықтарының дұрыстығын тексеру құқығынан айрылып қалды, бұл қызмет өз қызметтері үшін әжептәуір ақы алатын жеке мекемелерге берілді. Айталық, КҚЕО да бір плитаны тексеру 4 мың теңгеден асады, ал, газ қазандары үшін 2 мыңның үстінде алады. Бұл жағдайда қалалықтар үнемі техникалық қызметтері үшін ақы төлеуге мәжбүрлейтін газшілердің әрекетіне шағымданады. Ал іс жүзінде олар газ жабдықтарының қауіпсіздігін мүлдем қаперлеріне алмайды. 

- Іс жүзінде халыққа газ жеткізетін фирмалар мұнымен айналыспайды. Газ жабдықтарын тексеру қызметі 2014 жылдан бастап бәсекелестік ортаға берілді. Бұл қызметтерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тиісті құжаты бар мекемелер көрсетуі тиіс. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңда коммуналдық- тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ жабдықтарының техникалық қызмет көрсетуі бойынша келісім шарт жасасуға міндетті. Осы заңда үй иелерінің түтіндеткіш және желдету арнасын дұрыс  техникалық жағдайда ұстау міндеті де жүктелген, алайда, онда олардың келісімшартқа отыруы міндетті деп айтылмаған. Бізге тұтынушылар өздерін газшілерміз деп таныстырған әлдебір адамдардың келіп, келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, 10 мың теңгеден алып кететіндеріне шағымданады. Егер одан бас тартқан жағдайда айыппұлмен немесе газды айырып тастаймыз деп қорқытады. Ал іс жүзінде газшілердің өздерінен басқа ешкім де газ беруді тоқтата алмайды. Біз бұл фактілерді тіркеп отырамыз. Жақында әкімдік жанынан газ инспекциясы құрылады, мұндай жағдайларды солармен бірге тексеруді жоспарлап отырмыз, - дейді Е.Мұрзабеков.  

Біздің бала кезімізде үйімізге газшілердің келіп, плиталарды тексеретіні әлі есімде. Олар алдымен барлық конфоркаларды кезек-кезек, одан кейін духовканы жағып қарайтын, газ кетіп тұрғанын анықтау үшін бұрандаларға сабын жағып тексеретін. Соңғы 20 жылда бізге пәтерге тексеруге газшілер келген емес. Бәлкім, фирмаларда мамандар жетіспейтін болар, әлде бұл мәселе назардан тыс қалды ма: Мұрзабековтің сөзіне қарағанда Атырауда шамамен 115 мың тұрмыстық және 3 мыңнан аса коммуналды-тұрмыстық  тұтынушылар бар. Орталық абоненттердің жалпы санының шамамен үштен бірімен ғана келісімшартқа отырды, ал газ жабдықтарын тексеретін слесарлар кәсіпорында барлығы 28. Бір слесарға күніне 8 пәтерден келеді. Кәсіпорын есебі бойынша өзінің барлық абоненттеріне сапалы қызмет көрсету үшін 53 слесарь керек. Бүгінгі күні олар ПИК-пен жыл сайын пәтерлерге қызмет көрсету туралы келісімшарт жасамақшы.


Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

22 ақпан 2017, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.