Атырау, 25 сәуір 11:01
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Назарбаев Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деушілерді сынады

2 355 просмотра

Өткен шаққа қарайлай беруді емес, баянды болашаққа ұмтылған елдің ұмытылмас ұстанымын алуымыз керек. Бұл туралы Елбасы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясында мәлімдеді.

"Құрметті академик мырзалар, Мұхтар Әуезовтің "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білім" деген сөзі бар. Біз мәңгілік ел болуға ұмтылған, өрлеуді, көркеюді мақсат еткен халықпыз. Біз өткен шаққа қарайлай беруді емес, баянды болашаққа ұмтылған елдің ұмытылмас ұстанымын алуымыз керек. Кейде анау тарихқа, "Томирис қазақ екен", "Шыңғысхан қазақ екен" дегенде менің ішім ауырады. Біздің басқа айтатын сөзіміз жоқ па? Басымызды артқа бұрып, алға қарай қалай жүреміз? Алға қарайтын кез келді. Тони Блэрдың өзінің парламентінде айтқан сөзі бар еді "Ұлыбританияның ұлы тарихы бар. Бірақ біз музейлерде өмір сүрмейміз ғой, адамдарды компьютер алдына отырғызуымыз керек" деген. Сол сияқты мына біз де ойлануымыз керек. Сіздерден, зиялы қауым, білімді, дуалы ауызды адамдардан шығатын сөздер болуы керек. Болашақты ойдауымыз керек. Сондықтан "жаңа жағдайда Қазақстанның болашақ ұрпағы қандай болуы керек деген сұрақ болуы керек" деген сауалдың туындайтыны заңдылық. Біз ұлы дала төсінде ұлы мемлекет құрған аға буынбыз осы отырған. Мен де сіздердің қатарларыңызға кірдім, құдай бұйыртса. Бізге осы киелі жетістіктерімізді ертең баянды ететін, отанымыздың асқақ болмысын еселей түсетін зерек те, зиялы ұрпақ керек", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы сессияда отандық басқару жүйесі мен ғылыми қызметті үйлестіруге қатысты бірнеше өзекті мәселеге тоқталды. 

"Біз ғылымды орталықсыздандырдық. Көптеген бөлігін жоғары оқу орындарына бердік, алайда олардың бәрі әлі инновациялық орталықтарға айнала қойған жоқ. Қазақстанның ғалымдары өз жұмыстарын белсенді түрде патенттеуде. Бірақ олардың басым көпшілігіне сұраныс жоқ. Ғылым негізінен мемлекет есебінен қаржыландырылуда. Іс жүзінде нақты сектордан тапсырыс түспей жатыр. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстарда плагиат жиі кездеседі", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 ақпан 2017, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.