Атырау, 25 сәуір 21:26
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Шектеу, азаптау және белсенділерді қудалау", "Қазақстанға ауыр айып таққан қырғыз ағайынға аяқ-асты не болды? Мамандар пікірі", ""Жас Алаштың" басына бұлт үйірілді", "Қытай неге қорқынышты ел?", "Министр мырза, «ӘЛIППЕНI» қайтарыңыз!"

1 989 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Олжас Сүлейменов адамзатты асырауға алаңдаулы" - Ақпан айының ортасында Астанада өткен қоғамдық жиынның бiрiнде “Невада-Семей” антиядролық қозғалысының негiзiн қалаушы, ақын Олжас Сүлейменов көпшiлiк алдында әдеттегiдей әлемдiк ауқымдағы мәселенi төтесiнен қойды. Жиынға топтап әкелген студенттер “бұл кiсi кiм едi?” деп сыбырлап сұрасты. Естiген жауаптары “Google-дан iздесеңшi” болды. Тұсауын кескенiне көп уақыт болмаған “Байтақ-Болашақ” экологиялық альянсы өздерiнiң құрметтi президентi Олжас Сүлейменовтiң қатысуымен өткен “ГМО: Игiлiк пе, әлде зұлымдық па?” атты пiкiрсайысына тыңғылықты дайындалыпты. Ат шаптырымдай дөңгелек үстелде есiмi елге белгiлi азаматтар жағалай отырды. Қос қапталдағы екi қатарда студенттер ине шаншыр жер қалдырмады. Бiр қызықтың иiсiн алыстан сезгендей тiлшiлер де топталып келiптi. Сөйткен журналистердiң алдын орап кеткiсi келдi ме, ұйымдастырушылар жиындарын әлеуметтiк желiде тiкелей эфирге шығарып қойды. Дегенмен, “хан қызынан да бiр кемшiлiк”, жиын басталғанда микрофон табылмай қалды. Микрофон жоқтығына қысылып, қиналған Олжас Сүлейменов болмады. Дөнен қошқардай зор дауысымен “естiледi ғой” деп едi, құлағының мүкiсi бар қариялар тыныштала қалды.

"Министр мырза, «ӘЛIППЕНI» қайтарыңыз!" - Басқасы-басқа, жер дауы ушыққан кезде жақ ашпаған депутат Бекболат Тiлеухан Мәжiлiстегi үкiмет сағатында оқулықтардың кемшiлiгiн айтып, Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиевтi жекпе-жекке шақырды.

AZATTYQ.ORG. "«Академияны тарату асығыстық болғаны президентке айтылар» деп үміттенеді" - Президент Назарбаев ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына арналған шараға қатыспақ. Бұл академияны «даңқынан айырылды» деп сөгушілер де, «халықаралық деңгейде беделі артты» деп мақтаушылар да бар.

"Шектеу, азаптау және белсенділерді қудалау" - Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы сарапшыларының айтуынша, Қазақстанда сөз еркіндігі, бейбіт жиын мен қауымдастық құқықтарына үнемі шектеу қойылады.

365INFO.KZ. "Коғамдық кеңестің әлеуеті деген осы! Министрдің өзі кішірейіп, кешірім сұрады" - ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Досым Сәтбаевқа хабарласып, кешірім сұрады.

"Қазақстанға ауыр айып таққан қырғыз ағайынға аяқ-асты не болды? Мамандар пікірі" - Ай аман, күн тынышта айыр қалпақты көрші ағайын біздің елге — Қазақстанға ауыр айып тақты. Шынымен де аяқ-асты бүлінген қырғыз саясаткерлерінің ойын біздің тарап түсіне алмай дал.

ҚАЗТАГ. "Владимир Стеблянко: Сүйікті перзент ешуақытта суицидке бармайды" - Ойыншының суицидімен аяқталатын
«Синий кит» («Көк кит») интернет-ойыны эпидемия сипатына ие болуда. Құқық қорғау органдары күн сайын дерлік қазақстандық жасөспірімдерді осы күмәнді ермекке тартылуының жаңа деректері туралы хабарлап, «кураторлар» деп аталатындардың аккаунттарын бұғаттауда, өзін-өзі өлтіруге дейін апаруға әрекеттену деректері бойынша істер қозғауда.
ҚР психологтарының президенті, медициналық және психологиялық проблемалар орталығының директоры Владимир Стеблянко жасөспірімді үш мәселе дұрыс шешілгенде құтқаруға болады деп отыр: ойын авторлары мен оны таратушыларды жауапкершілікке тарту, ата-аналардың «ересектенуі» және мектеп психологтары қызметін қайта құру.

ABAI.KZ. ""Жас Алаштың" басына бұлт үйірілді" - Қазақ басылымының қарашаңырағы саналатын, 96 жылдық тарихы бар "Жас Алаш" газетінің журналистері командасымен қызметтен кетті. Рысбек Сәрсенбайұлы басқарып келген бұл ұжым неге мұндай қадамға барып отыр. Бүгін "Жас Алаш" газетінің журналистері мен қызметкерлері ресми мәлімдеме жариялады. Біз аталған мәлімдемені оқырман назарына толығымен ұсынып отырмыз.

"Қытай неге қорқынышты ел?" - Қытай мен Солтүстік Корея үшін дүниедегі бірден-бір жалғыз ақиқат есептелінетін марксизм тарихта адам қанына ең көп қарыздар теория. Бүгінгі күні қоғамның дамуына тұсау болып отырған ілім.

EGEMEN.KZ. "«Күресіміз «Белбеу күресіне» кірме болмауы керек»" - Құдайға шүкір, бүгінгі күнде қазақ күресінің дәурені жүріп тұр. Төл өнеріміздің төрге озып, текті жұрттың асыл қасиеттерін төрткүл дүниеге таныта бастағаны жанды семіртеді. Дегенмен, «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп хакім Абай айтқандай, қазақ күресінің айналасында да ұлттық өнерімізді қайтсек ұшпаққа шығарамыз деп жүрген азаматтар арасында пікір алуандығы бар екені белгілі. Бәсекенің заманына бұл керек те шығар. Тек, ортақ мүдде осыған зардап шекпесе екен дейсің… Қазақстан Республикасы Қазақ күресі Федерациясының президенті, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының» төрағасы Арман Шораевпен осы тақырыптың төңірегінде әңгіме қозғаған едік.

AIKYN.KZ. "Сарапшылар реформадан оң нәтиже күтеді" - Отандық және шетелдік сарапшылар Қазақстандағы билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу бастамасын әлі де қызу талқылап жатыр. Көптің ойы бір жерде тоғысады: Президенттің құзырына стратегиялық мәселелерді қалдырып, Үкіметтің қолына экономикалық-әлеуметтік саладағы қосымша өкілеттіктерді берумен қатар, Парламенттің рөлін арттыру жалпы билік тармақтарының өзара үйлесімді әрі тиімді қызмет етуіне үлкен серпіліс әкеледі. Билік органдарының жауапкершілігі де арта түседі.

HALYKNEWS.KZ. "Құбылай хан тұсындағы түркінің көрнекті тұлғалары" - Әйгілі Шыңғыс қағанның алып империясы құрамына талай түркі тайпалары кіргені белгілі. Сол тайпалардан империяның жоғарғы билік буынында қызмет еткен танымал тарихи тұлғалар шықты. Бұған ұлы қағанның сенімді серігі, әскерінің бас қолбасшысы болған Мұқалы дәлел.


22 ақпан 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.