Атырау, 29 наурыз 03:01
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Мәжiлiс Ресейге Ембi полигонын жалға берудi тоқтату туралы хаттаманы ратификациялады

2 492 просмотра

Бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң жалпы отырысында депутаттар «1995 жылғы 20 қаңтардағы ҚР мен РФ арасындағы Ембі полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмнiң және 1996 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкiметi мен РФ Үкiметiнiң арасындағы Ембi сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөнiндегi шаралар туралы ҚР мен РФ арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Хаттама 2016 жылғы 20 қазанда Мәскеуде жасалды. Хаттама аясында Ресей Федерациясы Қазақстанға жалға алынған жер учаскелерiн, жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйде бередi, ал мүмкiн болмаған жағдайда, жалға алу мерзiмi аяқталған кездегi мүлiктiң тозуын ескере отырып, оның құндық баламасын өтейдi. Ресейлiк тарапқа полигонды пайдалану бойынша мiндеттемелердi орындауға қатысты наразылық жоқ. Хаттама ережелерiне сәйкес, Ембi полигонын тапсыру және қабылдауды тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнен тұратын бiрлескен комиссия жүзеге асырады», - дедi баяндамасында ҚР Қорғаныс министрiнiң орынбасары Талғат Мұхтаров.

Мұхтаров хаттама аймақтың экономикалық дамуына оң ықпалын тигiзедi дейдi. Оның айтуынша, қайтарылған жер Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы, табиғи байлықтарды барлау, құрылыс салаларындағы кәсiпкерлiктiң өркендеуiне әсер етедi.

Дереккөз: Baq.kz

22 ақпан 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.