Атырау, 20 сәуір 09:59
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Трэкол» көмекке келеді

2 146 просмотра

20 ақпанда облыстық ТЖД-ға екі шұғыл шақырту түсті. Күндіз Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері қоңырау шалып, аудан орталығынан 55 шақырым жердегі Ойтан қыстағында шұғыл ауруханаға жатқызылуы қажет науқастың бар екенін хабарлады.

Санитарлық көлік қар қалың болғандықтан діттеген жеріне жете алмайды. Шақырту бойынша құтқарушылары бар «Трэкол» көлігі жіберілді. Олар шопанды аудандық ауруханаға жеткізді.

Сол күні таңертең ертемен Жылыой ауданы Қырықмылтық кенішіндегі жол бойында бортына 35 мұнайшыны тиеген вахталық «Урал» жабық жүк көлігінің қар күртігіне малтығып қалғандығы туралы дабыл түсті. Құлсарыдан адамдарды құтқаруға «Трэкол» көлігі жіберілді. Көлік қарға малтыққан мұнайшыларды Қаражамбасқа жеткізу үшін үш рейс жасады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

21 ақпан 2017, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.