Атырау, 20 сәуір 17:57
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

ЕО мен АҚШ өзара ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

2 243 просмотра

Еуроодақ пен Американың алдағы уақыттағы ынтымақтастығы АҚШ Президентінің орынбасары Майк Пенс пен Еуродақ, НАТО басшыларының кездесуіне арқау болды,- деп хабарлады 24.kz.

Майк Пенс алғашқы жұмыс сапарында Еуроодақ астанасы Брюссельге барды. Екіжақты кездесуде әлем халқын толғандырып отырған мәселелер сөз болды. Оның ішінде терроризм мен экстремизмге қарсы тізе қосып күресу жайы талқыланды. Еурокеңес төрағасы Дональд Тусктің айтуынша, қос тарап өзара ынтымақтастықты одан ары дамытуға мүдделі. 

Дональд Туск, Еурокеңес төрағасы: 

- Вашингтонның жаңа әкімшілігі мәні зор мәселелерді қозғады. Халықаралық ынтымақтастықты одан ары нығайту жайын талқыладық. Біз өзге де әлемдік ойыншылармен бірлесе отырып, бір саясатты ұстануымыз керек. Өйткені әлемде зорлық-зомбылық болмауы тиіс. Батыс құрдымға кетті дегенді айтқандардың сөзі шындыққа жанаспайды. Еуропа қауіпсіздігі НАТО мен трансатлантикалық ынтымақтастық негізінде қорғалады. Сондай-ақ АҚШ-тың бірыңғай Еуропа идеясына қолдау көрсетуі де біз үшін маңызды. 

Майк Пенс, АҚШ Президентінің орынбасары:

- Президент Дональд Трамптың атынан ЕО басшылығына АҚШ-пен арадағы ынтымақтастықты одан ары нығайту ниеті үшін ризалық білдіремін. Екі құрлықта екенімізге қарамай, мақсат-мүддеміздің ортақ екені анық. АҚШ пен ЕО бейбітшілікте өмір сүріп, еркін сауда айналымын жалғастырады. Еуропа қауымдастығын терроризммен бірлесе күресуге шақырамын.

Дереккөз: 24.kz

21 ақпан 2017, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.