Атырау, 29 наурыз 14:19
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Месси "Барселона" басшылығынан үш ойыншыны сатып жіберуді талап етті

1 760 просмотра

Фото: Спорт-экспресс
Каталониялық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси клуб басшыларынан Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомешті сатып жіберуді талап етті., - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі DonBalon басылымына сілтеме жасап.

Егер клуб басшылары Мессидің бұл талабын орындамаса, шабуылшы келісімшартты ұзартудан бас тартады екен. Өйткені бұл үш футболшы клубтың стильіне сай келмейді-мыс.

Айта кетейік, Динь мен Гомеш "Барселона" сапына 2016 жылдың жазында келіп қосылған еді. Ал Матье 2015 жылдан бері клубта ойнап келе жатыр.

Мессидің 2018 жылдың жазына дейін "Барселонамен" келісімшарты бар. Каталониялық клуб 29 жастағы аргентиналық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Егер Месси клубтың жаңа келісімшартын қабылдайтын болса, әлемдегі еңбекақысы ең жоғары футболшы атанады.

Дереккөз: Vesti.kz

21 ақпан 2017, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.