Атырау, 25 сәуір 14:18
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ЭКСПО-2017: «Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы»

2 529 просмотра
Айгүл Әжіғалиева

«ЭКСПО-2017» көрмесіне баруға Атырау облысының квотасы 65 мың адамды құрайды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА екінші деңгейлі банктер мен басқа қаржы ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде хабарлады.

Кездесу облыстық әкімдік ғимаратында өтті және көрме билеттерін сату мәселелеріне арналды. Сату операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ жергілікті филиалының директоры Бауыржан ӨТЕПБАЕВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта біздің өңіріміз сатылған билеттер саны бойынша 3-орында тұр. Бір рет кіретін билет құны 4 мың теңгеден басталады. Ал бұдан басқа біздің қымбат астанамызға бару жолақысы, тұру және тамақтану шығындары бар.

- Айтыңызшы, сіздің штатыңыз қанша және ЭКСПО-ға қанша адам барады? – деп сұрады Әжіғалиева банктердің бірінің өкілінен. – Ал жалпы қызметкерлердің 20 пайыздан аз болмайтын мөлшерін «ЭКСПО-2017»-ге жіберулеріңізді өтінемін. Егер одан көп болса, онда тіпті жақсы. Біздің облысымыз үшін квота берді, бізден қатысатын адам саны 65 мыңнан кем болмауы тиіс. Сондықтан Қозыбақ Әбуұлы (Ұлттық банк филиалының директоры Қ. Құлбарақов), сізден банктерде қанша адамның жұмыс жасайтыны және қаншасы баратыны туралы ақпаратты жинақтауды сұраймын. Бұл тек билет қана емес, іссапар болады. Шетелдегі осындай көрмеге баруға көп адамның мүмкіндігі болмайды, сондықтан, ең болмаса Астанаға барыңыздар. Отбасыларыңызбен баруға болады, жаңа нәрселермен, жетістіктермен танысыңыздар. Еліміз бірнеше жылдан бері бұған әзірленуде, президент соншама көңіл бөліп отыр. Тапсырма бере алмаймын, бірақ барғандары жақсы.

Кеңестен кейін мен А.Әжіғалиевадан барушылар ретінде жіберілетін қызметкерлердің жолақысы мен тұру шығындарын кім төлейтінін нақтыладым:

- Мекеме қызметкерлерінің өздеріне бұл тиімсіз болады, әрине, бірақ ұйымдар өз қызметкерлерін қызметтік іссапарларға немесе көрме өтетін күндері оқытуға жібере алады, - деп жауап берді әкім орынбасары.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

18 ақпан 2017, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.