Атырау, 20 сәуір 08:46
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Атомнан бас тартқан елге, АЭС неге керек?", "Конституциялық реформа: әлемдік тәжірибе қалай?", "Құбылған бензин бағасы", "Еуропаға популизмнің салқыны тиді", "Батьканың басы қатты істейді"

2 022 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Тұрақты жұмысы жоқ азаматтардың күнкөрісі" - Елде жұмыспен қамтылғандар саны кеміген тұста ресми жұмысы жоқ деп саналатын адамдардың (өзін-өзі қамтығандар)жағдайына алаңдаушылық та күшейіп келеді. Қазақстанда екі миллионға жуық адам еңбек қатынастарын ресімдемей жұмыс істейді.

"Қазақстаннан ұшақпен ғана баруға болатын көрші ел" - Қазақстан мен Түркіменстан тәуелсіздігінің ширек ғасырында поезбен жолаушы тасымалдауды ретке келтірмеді, автомобиль тасымалы да қиын. Екі елдің саяси жүйесі ұқсайды, бірақ аймақ деңгейіндегі экономикалық байланыстары әлсіз сияқты.

ZHASALASH.KZ. "Экономикада өсiм аз, құлдырау басым" - Қазақстан кәсiпкерлерiнiң ұлттық палатасы 2016 жылға жасаған макроэкономикалық шолуын ұсынды. Осы шолу қорытындысына сарапшылар екi түрлi баға бердi. Бiр жағынан алып қарағанда, төл экономикамызда аз да болса өсiм көзге шалынады, екiншi жағынан бiрқатар маңызды салада көрсеткiштер кәдiмгiдей құлдырағанын байқаймыз әрi елiмiздiң қоры кемiп бара жатқанын цифрлар ақылы көргенде көңiл-күйiңiз түсетiнiн жасыра алмаймыз.

"Арқаға кел, АРҚАДАҒ!" - Президенттiк сайлауда мәреге дара келген Арқадағты қазақ басшысы Астанаға шақырды. “Өткен сайлау нәтижесi – халықтың тұрмыс деңгейiн арттырып, елдiң халықаралық беделiн нығайту жолындағы Сiздiң жүзеге асырып отырған саясатыңызға Түрiкменстан азаматтарының сенiмi мен қолдауының көрсеткiшi...” дептi Н.Назарбаев түркiмен президентiне жолдаған құттықтау жеделхатында. Иә, Гурбангулы Бердымухамедовтiң бұл сайлауда да атқан оқтай зу ете түсерiне ешкiм шәк келтiрген жоқ. Көршiлес ел басшыларының жеңiске жеткен адамды құттықтап қоюы – заңды. Дегенмен қазақ басшысының жеделхатындағы “сенiм” мен “қолдау” туралы пiкiрi бiздегi сайлаулардың сықпытын ғана емес, екi ел президентiнiң арасындағы ұқсастықтарды да ерiксiз еске түсiредi.

365INFO.KZ. "Батьканың басы қатты істейді" - Өткенде ресейлік БАҚ Беларусьтің Еуразия экономикалық одақтан шығатынын жарыса жазды. Александр Лукашенко «одақтың» кесірінен 15 млрд доллардан қағылғанын айтып, Путинді сынап тастаған еді.Бірақ содан бері Батьканың үні естілмей қалды. Соған қарағанда, Белорусия Ресейден керегін алған тәрізді. Өйткені, Лукашенко жыл сайын Путинді жамандап-ақ Ресейден ақша бопсалауды әдетке айналдырып алған.

"«Үйімді де, көлігімді де алып қойды». Алданып қалған келіншек көптен көмек сұрады" - Астанада басында үйі, астында көлігі бар қыз-келіншектерді бір айлакер еркек жағалап жүр. Ол асқан ізеттілігімен, әдемі сөздерімен нәзік жандының жүрегін жаулап ала қояды. Одан кейін пәтеріне бас сұғып, төсегін жылытқаннан соң, өзінің арам ойын жүзеге асыруға кіріседі.

ABAI.KZ. "Атомнан бас тартқан елге, АЭС неге керек?" - Қазақстанға Атом электр станциясы керек және болады. Бітті. Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, брифинг өткізген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев осылай деді. Бірақ, салынатын станцияның сомасы қанша болатынын, қашан қолданысқа берілетінін министр мырзаның өзі білмейтін көрінеді.

"Алматы мектептері "көк китпен" күресудің жолын тапты" - Жалпы, «Синий кит» сияқты ойындардан бастап, порнографияға да қатысы бар бүкіл сайттарды бұғаттап тастауға болады. Бұл бастама Білім министрлігі тарапынан да қолдау тауыпты. Ал жобаны жүзеге асырған жеке компания бағдарламаны білім ошақтарына тегін орнатуға келісіп отыр.

TURKYSTAN.KZ. "Еуропаға популизмнің салқыны тиді" - Биыл Батыс Еуропаның екі ірі мемлекетінде сайлау өтеді. Франция мен Германиядағы президент және парламент сайлаулары Еуропа одағының болашағын өзгертетін ірі саяси оқиғалар болғалы тұр. Онсыз да бұған дейін кәрі Еуропа бұрынғы құндылықтарын қайта қарап, замана желіне қарай жаңаша түлеуі керек деп жүргендердің одан сайын айдарынан жел есті.  Енді Еуропа өзі қаласа да, қаламаса да, қайта жаңаруды бастан өткереді-мыс.

"Құбылған бензин бағасы" - Ақпан айы темір тұлпар тізгіндеушілер үшін аса жағымды басталмады деуге әбден негіз бар. Ай басталысымен сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттай бастады. Жанармай бағасының көтерілуі қарапайым жұртшылықтың қалтасына салмақ түсіретіні айтпаса да түсінікті. Дегенмен, мұндай өзгерістердің орын алатынын алдын ала білген жүргізушілер бұл жолы үн-түнсіз. Бағасы қымбаттаса да, жанармай тапшы болмаса екен деп тілейтіндер жетерлік. Себебі тұрғындар өткен жылдарда бензин тапшылығынан әбден әбігерге түскен болатын.

QAMSHY.KZ. "Шетелдік азамат Назарбаевқа Ақтөбедегі былықтарды баяндап, хат жазды" - Ақтөбеде жұмыс істейтін шетелдік инвестор Геннадий Бельц ҚР президентіне жазған хатында салық комитеті мен сотқа шағымданған деп жазады diapazon.kz. Ол үнемі өзгеріп тұратын заңдар мен үлкен көлемдегі айыппұлдар және инвесторлардың қала мен облыс әкімдердің қабылдауын жарты жылдап күтетініне көңілі толмайтынын жеткізді.

"Министрлік: Қазақстанда салафизм идеологиясын ұстанатын 17 мың адам бар" - Мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі – қоғамның дамуына жағдай жасаушы басты фактор екені анық. Алайда бүгінгі таңда әлемдегі діни ахуалдың өзгеруі қазақстандық қоғамның дін саласында сан түрлі діни ағымдардың пайда болуына алып келді. Өз кезегінде, теріс пиғылды ағымдардың көбеюі мемлекет азаматтардның радикалдық діни идеялардың ұстанушысына айналу ықтималдығын жоғарылатып.

AIKYN.KZ. "Дональд Трамп: Обама Американы ластап кетті" - Дәл қазір  АҚШ-тағы тартыс әлі басылған жоқ. Өйткені сегіз жылдан астам уақыт бойы Ақ үйді билеп-төстеп келген Барак Обама биліктен кетсе де, бірақ әлі бағы тайған жоқ.

"Конституциялық реформа: әлемдік тәжірибе қалай?" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен жалпы конституциялық реформаларды білікті сарапшылар мен заңгерлер өз деңгейінде талқылап жатыр. Президенттің бастамасымен бірқатар өкілеттіктер Үкімет пен Парламентке берілуі керек. Бұл заң шығарушы орган мен атқарушы органның өзара үйлесімді және тиімді жұмыс істеуіне жаңа серпін әкелмек. Дамыған 30 елдің тәжірибесінде Үкімет пен Парламенттің өзара жұмысы мен қарым-қатынасы қалай реттеледі?


17 ақпан 2017, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.