Атырау, 29 наурыз 13:09
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"Ғалымжан Жақиянов: “Машкевич есікті теуіп кіретін”", "Жанболат Мамайдың белсенділігі", "Мұхтар Әблязов Жанболат Мамаймен байланысы туралы айыпты сандырақ санайды", "Ұлттық идеология. «Жаман үйді қонағы билейді»", "Таяқтың көкесін Трамптан жейсің..."

3 946 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жанболат Мамайдың белсенділігі" - Азаматтық белсенді ретінде танылған журналистің «қаржы жымқыру ісі» бойынша тергеуге іліккені әріптестерін таңырқатты.

"Отанына еріксіз оралған ауған босқындары көмекке зәру" - Пәкістан мен Иран бастаған мемлекеттер ауған босқындарын елдеріне қайтуға мәжбүрлеп жатыр. Солайша жүздеген мың адам соғыс қалжыратқан тұрақсыз елге еріксіз қайтып келді.

ZHASALASH.KZ. "Мұхтар Әблязов Жанболат Мамаймен байланысы туралы айыпты сандырақ санайды" - Тәуелсiз журналист Жанболат Мамайдың қуғындағы М.Әблязовтiң “БТА банктен” ұрлаған ақшасын жымқыруға қатысты деген айыппен қамалуын халықаралық құқық қорғау ұйымдары айыптап жатыр. 14 ақпан күнi халықаралық “Журналистердi қорғау комитетi” (Committee to Protect Journalists - CPJ) Қазақстан билiгiне “қаржы жымқыру” iсi бойынша екi айға қамалған тәуелсiз, оппозициялық журналист Жанболат Мамайды босату туралы үндеу жариялады деп мәлiмдедi.

"Германия не теңiң?.." - Осыдан бiр апта бұрын бензин қымбаттап, Алматыда АИ-92-нiң құны 139-141 теңгеге сатыла бастағанда, кейбiр ақпарат құралдары “Еуропамен салыстырғанда, аң арзан жанармай Қазақстанда (АИ-95, 145,4 теңге) деп” жарыса жазды. Мысалы, Нидерландта бiр литр бензиннiң бағасы – 547 теңге, Грецияда 541 теңге тұратынын айтып, “ең арзан бензин тұтынып отырғандарыңа шүкiршiлiк айтпайсыңдар ма?” дегендей кейiп танытқан-ды.

"Алашты адастырмаңдар" - ҚР Конституциясының 26-бабына өзгерту енгiзуге байланысты желтоқсандықтар өзiнiң алаңдаушылығын бiлдiредi. Өйткенi Сенат спикерi Қасымжомарт Тоқаевтың мына сөзi БIЗДI түсiнбестiкке алып келдi. Қ.Тоқаев былай дедi орысшалап: “...В предложенных Главой государства поправках к Конституции содержится еще одно принципиальное нововведение: право частной собственности на любое законно приобретенное имущество предлагается распространить на каждого человека, находящегося на территории нашей республики, независимо от того, к гражданству какой страны он принадлежит или же является лицом без гражданства. Данное положение - это результат положительной эволюции нашего общества, которое признает свою принадлежность к глобальному сообществу цивилизованных стран”.

ABAI.KZ. "Таяқтың көкесін Трамптан жейсің..." - Бұл Белоруссия Президенті Александр Лукашенконың Путинге айтқаны. Бұл сөздің айтылғанына бір ай өтпей жатып, Трамп өзінің Қырымға қатысты пікірін айтты. Өзінің Твиттердегі парақшасында АҚШ Президенті Қырымның Ресейге заңсыз берілгенін және оның Украинаға кері қайтарылуы тиіс екендігін жазды.

"Ұлттық идеология. «Жаман үйді қонағы билейді»" - Қазіргі таңда әлемді «ашса алақанын да, жұмса жұдырығын да» ұстап тұрған басты идеология «ақша» және «қару» деген екі ауыз сөз. Қазір бәрін, тіпті арды да, жерді де, тілді де, дінді де, адамды да  сатып жіберуге де, сатып алуға да, сатпаса тартып алуға да әбден болатын болды. Күні кешегі Қазақ қоғамын да, қылмыс болып саналатын сұмпайы дүниелер бұл күнде үйреншікті жағдайға айналған.  Әлемдік ең беделді ұйым болып саналатын БҰҰ-ның да бұған төрелік айтып «Әй, дейтін Әже, қой дейтін Қожа» болар қауқары қалмаған.

365INFO.KZ. "Қазақстан олигархтары Отанын неге «сатып» жүр? Таза қазаққа қашан байлық бұйырады?" - Қазақстан үкіметі сырттан инвесторлар іздеп, шарқ ұрып жатқанда, керісінше ел ішіндегі миллиардерлер ақшасын шетелге ала қашуда.

QAMSHY.KZ. "«Қазақстандағы ұлтжандылық тұрмыстық деңгейде қалып қойған»" - Қазақ ұлтжандылығы бүгінгі күні ұраншыл, радикалды бағыт алып бара жатыр деп жазады Comonitor.kz сайты. Сондықтан, мұндай бағыттағы ұлтжандылықтың қоғамға пайдасынан қарағанда зияны көп. Өзгеріс бола ма? Қазақстандағы ұлтжандылықтың дамуына кедергі болып тұрған не нәрсе немесе кім?

"Мультфильмнің кез келген киноға қарағанда психологиялық әсерінің басымырақ болуының себебі неде?" - Бүгінгі күні мультфильм тек балалар аудиториясына ғана арналып қоймай, жасөспірімдер мен ересектер талғамына айналып отыр. Оның бірден-бір себебі, мультфильмдердің образдылығы мен көрермен ықыласын иеленіп отыруында.

HALYKNEWS.KZ. "Жұмырға жұқпаған жүз гектар" - «Наукоград» қалашығының инфрақұрылымына бөлінген 5 млрд теңге мен тау баурайындағы 100 гектар жер қалай талан-таражға түсті?

DALANEWS.KZ. "Ғалымжан Жақиянов: “Машкевич есікті теуіп кіретін”" - Қазақстанда бәрі де шетелдік инвесторлардың қолында. Мұнай зауыттары, алюминий, ферро қорытпа, көмір өндірісі түгелімен солардың иелігінде. Біз инвестордың алдында иілеміз. Олардың мұң-мұқтажын тыңдаймыз. Солардан пайда болса, Қазақстан осы 25 жылда гүлденіп, түрленіп кетер еді ғой? Өйтпеді. Өзгерген жоқ. Өзгермейтін де шығар.

EGEMEN.KZ. "Данияр Ақышев: Беріктік қорын құрудамыз" - 2017 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамы, базалық мөлшерлеменің экономиканың нақты секторына ықпалын күшейту саясатын жалғастырады, сондай-ақ, инфляциялық таргеттеу қағидаттарын сақтайды. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр АҚЫШЕВ айтып берді.



16 ақпан 2017, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.