Атырау, 24 сәуір 00:34
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сақтандыру құжатының маңызы зор

3 521 просмотра

Біздің 83 жастағы көршіміз - Ресей азаматы. Бірақ, Атырауда тұрақты мекенжайға тіркелген. Бірде-бір қалалық емхана оны есепке алмайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек ЖҰМЫРОВ жауап берді:

– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі – тек ҚР азаматтарына және заңнамаға сәйкес ерекше мәртебеге ие оралмандарға көрсетіледі.
«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР 1995 жылғы 19 маусымдағы заңының 7-бабына сәйкес, Қазақстанда уақытша жүрген шетелдiктерге Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі «Көшіп келушілерге медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» №665 бұйрығымен белгiленген тәртiппен дәрiгерлiк көмек көрсетiледi. 
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне (ТМКК) ел азаматтарымен қатар ҚР-ға тек тарихи атамекендеріне оралу мақсатымен ғана келген шетелдіктер (оралмандар, этникалық қазақтар және олардың отбасы мүшелері) ие болады.
Уақытша келген шетелдіктерге ТМККК аясында әлеуметтік мәні бар аурулар мен айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар кезінде тегін медициналық көмек көрсетіледі. 

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесінде» былай деп белгіленген: 
І. Әлеуметтік мәні бар аурулар: 
1. Туберкулез
2. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар 
3. В, С вирусты гепатиті
4. Қатерлі ісіктер
5. Қант диабеті
6. Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары
7. Балалардың церебральді сал ауруы
8. Жүрек талмасы (алғашқы алты ай)
9. Ревматизм
10. Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы
11. Орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары
12. Орталық нерв жүйесінің демиелиниленген аурулары
ІІ. Айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар
1. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар
2. Геморрагиялық қызба
3. Дифтерия
4. Менингококк инфекциясы
5. Полиомиелит
6. Негізінен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
7. Алапес
8. Безгек
9. Күйдіргі (өкпелік түрі)
10. Туберкулез
11. Тырысқақ
12. Оба
13. Іш сүзегі
14. А вирусты гепатиті
15. Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары.

Осы тізбе бойынша тегін медициналық көмек алу үшін шетелдіктер уақытша мекенжайы, жұмысы, оқу орны бойынша МСАК мекемесіне есепке тұруы тиіс. 

Оларға «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес, оларға бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде дәрігерді, медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы беріледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, шетелдіктерге шұғыл көрсетілімдер бойынша тегін стационарлық медициналық көмек көрсетіледі. 

Шетелдіктерге ТМККК-ке енбейтін қызмет көрсетілген кезде белгілі бір медициналық ұйымдарға тиесілі көлемде және баға бойынша меншік формасына қарамастан, соның ішінде, ерікті медициналық сақтандыру аясында немесе ел азаматтары секілді жұмыс берушінің қаржысы есебінен медициналық сақтандыру құжаты болған жағдайда медициналық ұйымның ақылы медициналық көмегін пайдаланады. 

Медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек медициналық сақтандыру құжатында жазылған көлемде және баға бойынша көрсетіледі. Қазақстанға отбасымен қауышу, білім алу және еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатымен келген шетелдіктерде «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР заңының 28, 31 және 35-баптарына сәйкес, медициналық сақтандыру құжаты болуы тиіс.

16 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.