Атырау, 29 наурыз 04:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әкімдер есебі: Атырау

2 857 просмотра

Тұрғын үй, жер, жолдар туралы

2016 жылы баспана құрылысына 18 млрд теңге инвестиция тартылып, 346,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін, 15 ақпанда тұрғындармен есеп беру жөніндегі кездесу кезінде Атырау қаласының әкімі Серік ШАПКЕНОВ хабарлады.

– 2016 жылы «Өңірлерді дамыту - 2020» және «Нұрлы жол» бағдарламаларының аясында Нұрсая мен Береке ықшамаудандарында көппәтерлі 18 үй салына бастады. 2017 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында бұл жерден тағы 13 үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр.   

Шапкеновтің айтуынша, қалалық билік өткен жылы ауыл шаруашылық қажеттіліктері үшін бөлініп, пайдаланылмай тұрған жерлерді анықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізген. Барлығы жалпы алаңы 7 879 гектар болатын 111 жер телімі анықталған:

– Олар бойынша құжаттар өкілетті органдарға жіберілді, 81 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. 

2016 жылы қала тұрғындарына кезек бойынша 699 жер телімдері бөлінген, 2017 жылы қала маңындағы елді мекендерден инженерлік-құрылыс инфрақұрылымдары аяқталған 2 092 жер телімдерін беру жоспарланып отыр.

Өткен жылы Атырау мен қала маңында жалпы ұзындығы 96 шақырым болатын көлік жолдары салынды. Бұған 9 млрд теңге жұмсалды. 2017 жылы жалпы ұзындығы 250 шақырым болатын 311 көшені асфальттау жоспарланды. Бұл мақсатқа 25 млрд теңге бөлінді.

- Біздің өңірімізде жол салуға қажетті инертті материалдар жоқ, басқа жерлерден тасуға тура келеді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қазір ҚТЖ-мен инертті материалдарды жеткізу үшін қосымша вагондар алу мәселелерін шешуде, - деп атап өтті қала басшысы. Оның айтуынша, Атырауда бүгінде 1,8 мың көше бар, оның 800-і ғана асфальтталған. Жол салу мәселесі ең өзекті мәселелердің біріне айналғандай, кездесуге келген Атыраудың түрлі ықшамауданында, негізінен жаңа салынған аудандарда тұратын көптеген қатысушылары асфальттау қажеттілігі туралы айтты. Серік Шапкенов атап өткендей, бұрын мынадай тәжірибе қолданыста болатын: алдымен инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, ал осы мәселе шешілгеннен кейін жолдар салынатын. Енді республикалық бюджет инфрақұрылым мен жолдардың жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге қаржыны бір уақытта бөледі.

Қала әкімі мектептердегі оқушылар санының көптігіне қатысты проблеманы биліктің қалай шешпек болып отырғанын әңгімеледі. Қазір 9 мектепте 12 мың оқушы 3 ауысыммен оқып жүр. Олардың жүктемесін азайту үшін Нұрсая мен Самал ықшамаудандарында 900 және 624 орындық екі мектеп құрылысы басталған. Тағы 8 мектеп пен 20 балабақшаға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 



15 ақпан 2017, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.