Атырау, 16 сәуір 17:17
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

"Азаматтық қоғам Мамайға қорған болуы тиiс", "Қорғаныс министрлігі кешіктірген зейнетақы дауы", "Бостандық кеңiстiгi тарылды", "Дос Көшім. Үкіметіміз ар-ұятын жоғалтқандардан жасақталған ба?", "Путин неге кешірім сұрады?"

2 041 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қорғаныс министрлігі кешіктірген зейнетақы дауы" - Қазақстан қорғаныс министрлігінің зейнеткері былтырғы бес айдың жалақысы деп жарты миллион теңгеден аса ақша төлеуді сотпен талап етіп жүр. Гүлнәр Қасымова «елде мен сияқты бір мыңнан көп адам бар» дейді. Тағы бір зейнеткер Міргүл Жаңабаева да осындай шағым түсірген. Қорғаныс министрлігі зейнеткерлердің шағымын мойындамайды.

"Петербургте собор дауы ушығып тұр" - Санкт-Петербург қаласы басшылығының Исакий кафедралдық соборын Ресей православ шіркеуі қарамағына өткізу шешімі жергілікті жұрттың қарсылығына тап болды. Тарихи жәдігер маңында наразылық шеруін өткізген адамдар елде мәдениетке шіркеу ықпалы күшейіп барады деп алаңдайды.

ZHASALASH.KZ. "Азаматтық қоғам Мамайға қорған болуы тиiс" - Президенттiң үкiмет отырысында “Iштен шыққан жауды” iздеуге, мемлекет қаржысын жымқырғандарды табуға берген тапсырмасынан бiр апта өтпей жатып, жо-жоқ, сiз бен бiз ойлағандай үкiметтегi жемқор шенеунiк, парақор министр емес, былыққа батқан билiктегiлердi әшкерелеп жүрген тәуелсiз басылымның бас редакторы қамауға алынды. Үкiметтiң iшiндегi “бесiншi колоннаны” табуға тапсырма алған Қайрат Қожамжаровтың ұлттық бюросы Жанболат Мамайды қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовпен сыбайлас деп айыптайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросының тергеушiлерi 28 жастағы Жанболат Мамай М.Әблязовпен сөз байласып, “БТА банктен” ұрланған ақшаның бiр бөлiгiнiң iзiн “Саяси қалам: Трибуна” газетi арқылы қаржылық операциялар жасап жасырған” деп санайды. Сонда “iштегi жауымыз” Жанболат Мамай, Төлеген Жүкеев секiлдi қазiргi жүйеге қарсы азаматтар екен.

"Тұңғыш президенттiң рөлi" - Билiк өкiлеттiктерiн бөлiсу дүрмегiмен өтiп жатқан кезектi науқанда президенттiң мәртебесiн Ата заңда нықтап тастау көзделген сияқты. Себебi осындай да бастамалар көтерiлiп жатыр. ҚазАқпараттың хабарлауынша, мұндай ұсыныстың түскенi туралы мемлекеттiк билiктiң тармақтары арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының үшiншi отырысынан кейiн Қазақ гуманитарлық заң университетi Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров айтқан.

"Бостандық кеңiстiгi тарылды" - Қазақстанның кешегiсi, бүгiнi, ертеңi: адам құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету тұрғысында 2016 жылдың қорытындысына көзқарас. Адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөнiндегi Қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтистiң Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған дөңгелек үстелдегi баяндамасы.

365INFO.KZ. "«Олар ұйықтай алмай жүр». Сарапшы Қазақстандағы орыстілділердің неден қорқатынын айтты" - «Стратегия» саяси және әлеуметтік зерттеулер орталығының президенті Гүлмира Илеуова ел ішіндегі қазіргі жағдайға баға беріпті. Еуразияшылдар, ұлтшылдар, ел ішіндегі 10 үрей және орыстілділердің Назарбаевты не себепті қолдайтынын айтып беріпті.

"«Азаматтық неке — үлкен үнем». Қазақ жігіттері сонша ұсақ па, әлде бұл мәжбүрлік пе?" - Азаматтық неке туралы біздің қоғамның көзқарасы қарама-қайшы. Бірі азаматтық неке қазақтарды салт-дәстүрінен ажыратып, ақыры іштей де, сырттай да бұзып барады десе, тағы бірі, керісінше, оны „отырып„ қалған қыз-жігіттерді ынтыландыратын жақсы бір амал деп санайды.

ABAI.KZ. "Дос Көшім. Үкіметіміз ар-ұятын жоғалтқандардан жасақталған ба?" - ...Президенттің 2017 жылғы Жолдауындағы ең бір таңқаларлық сөйлем «Қазақ тілінің басымдылығы сақталады» деген жолдар болды. Осыны оқығанда жыларымды да, күлерімді де білмедім. Мүмкін, бұндай күйге түсуімнің себебі – Жолдаумен танысудың алдында ғана Сіздердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, отырысын әлеуметтік желіден көргендігім болар деп ойлаймын. Мемлекеттің басында отырған барлық басшы қызметкерлер – премьер мен оның орынбасарлары, министрлер – отырыстарын көрші Ресей елінің мемлекеттік тілінде өткізді. (Басы қазақ тілінде басталғанын жоққа шығармаймын, бірақ ол мәселеге де кейінірек тоқталамыз).

"«Болашақтың» болашағынан қорқамын" - Жақында БАҚ -беттерінен: «2016 жылы Ұлыбританияның «EF Education First» компаниясының зерттеуі бойынша ағылшын тілін үйренуден Қазақстан 54-ші орында, нашар меңгереді-мыс» дегенді оқыдым да е, е мұны үлкен кемшілік санап, намыстанып біздің биліктегі орысша оқыған, тоқығандар мен қазақша шаласауаттылар жанталасып балабақшаға дейін енгізіп жатқаны, білімсіздігі екенін түсіндім.

TURKYSTAN.KZ. "Түтінге тұншыққан ел" - Адам денсаулығына зиян келтіруші факторлар ішінде атмосфераның ластануы айрықша орын алады. Соңғы он шақты жылда адамзат оны сезініп те, көзімен көріп те үлгерді. Тіршілік тұтқасы – оттегінің тапшылығы, әсіресе, әлемнің ірі мегаполистерін тығырыққа тірей бастады. Жуырда CNN жариялаған «Бейжіңнің көк түтіні: екі қала туралы әңгіме» атты мақала тозаңнан тұншыққан Қытай астанасының бүгінгі жағдайын жайып салған. Экологиялық түйткілдің соңы әлеуметтік теңсіздікті ушықтырып, ел экономикасының шайқалуына әкеп соғатынын көрсету үшін мақала авторы түрлі дәйектер келтірген. Түсінгеніміз – Алты құрлықты аузына қаратқан алпауыт державаның тағдыры түтінге тәуелді болып тұр.

"Универсиада-2017: Жұмсалған қаржының қайтарымы қандай?" - Әлемдік деңгейдегі спорт додаларын ұйымдастыру – қазынаның қамы үшін емес, елдің абыройы мен беделі үшін қолға алынатын іс екені әлімсақтан белгілі. Жазғы және қысқы олимпиада, әлем чемпионаттары, Азиада, Универсиада секілді ауқымды спорттық шараларды абыроймен өткізген мемлекеттердің тәжірибесіне көз жіберсек, көбісінің тапқан пайдасынан жұмсаған шығыны бірнеше есе көп. Әлемдік жарысты өткізгеннен кейін экономикасы тұралап қалған талай мемлекетті тілге тиек етуге болады. Алайда пайдаға кенелгендер де аз емес. Мәселен, жуырда француз сарапшылары «Еуро-2016» додасынан Франция 1,2 млрд еуро табыс тапқанын есептеп шығарды.  Олардың сүйінші хабарынан кейін отандық мамандар Алматыдағы Универсиаданың шығыны мен кірістерін таразыға тартты. 28-ші Қысқы универсиада елімізге не берді деген сауалдың жауабын біз де іздеп көрдік.

AIKYN.KZ. "Путин неге кешірім сұрады?" - Сирияда ислам содырларымен соғысып жатқан Ресейдің авиациясы осыдан бірнеше күн бұрын жаңылысып, Түркияның әскерилеріне әуеден соққы жасап жіберді. Соның салдарынан түріктердің 3 сарбазы қайтыс болып, 11 – адам жарақат алды. Өздерінің қателігін дереу түсінген Ресей жағы бірден мәселені шешуге тырысты. Дәл қазір екі жақ та орын алған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп, комиссия құрды. Түрік баспасөзінің мәліметінше, Путин Ердоғанға телефон соғып, кешірім сұраған. Бірақ жағдай қалай орын алды?

QAMSHY.KZ. "2020 жылға қарай үкімет қарызының көлемі 37 миллиард доллар шамасында болады" - 2020 жылға қарай Үкімет қарызының көлемі 11,9 трлн теңге болады. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген. Долларға шағатын болсақ(Ұлттық банктің қазіргі курсы бойынша 321.95) 36 миллиард, 962 миллион долларды құрайтын болады.

"Қарызын өтемегені үшін Моңғолияны қыспаққа алған Қытай Қазақстанға да қысым көрсетуі мүмкін бе?" - Ертай Нүсіпжанов есімді Fаcebook қолданушысы өзінің парақшасына Қытайға қарызын қайтара алмай жүрген Моңғолияны қыспаққа алып жатқанын жазды. Ертай Нүсіпжанов Қазақстан Моңғолияның кебін киюуі мүмкін екенін айтып, өз алаңдаушылығын да білдірді.



14 ақпан 2017, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.