Атырау, 24 сәуір 01:25
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қостанайда жемқор әріптестеріне шыққан үкімге қол соққан полицейлер жазаланады

2 083 просмотра

Фото: Наша газета

Қостанай облысы ІІД жемқор полицейлерге шығарылған үкімнен кейін сот залында қол шапалақтаған полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу тағайындады.  Сот үкімі жарияланғанда сот залында ІІД жеке құрамы отырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеудің себебі ішкі істер органдары қызметкерлерінің Этикалық кодекс нормаларын бұзуы болып отыр. Жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Неғмет Ысмағұловтың айтуынша, «бұл факті офицерлік және полицейлік жиналыстарда да талқыланатын болады». 

Былтыр жазда жол полициясы батальонының қызметкері Арман Көпжасаров, инспектор Ермек Исанов және заңсыз көші-қонмен күрес бойынша арнайы взводтың кіші инспекторы Алмат Кабенов Қарабалық ауданындағы «Рубеж» бақылау бекетінен өткен Ресей азаматтарын бопсалап, пара алған. Олар 5 миллионнан 7,5 миллион теңгеге дейінгі айыппұл арқылы бас бостандығын шектеу жазасынан құтылды. Сонымен бірге,  полициялық шендерінен, ішкі істер органдарына жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкімді жариялау Қостанай облысы ІІД жеке құрамы өкілдерінің қатысуымен өтті. ІІД полицейлері сот үкіміне шапалақтап қол соққан. 


Дереккөз: ҚазАқпарат

14 ақпан 2017, 13:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.