Атырау, 18 сәуір 12:38
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Сириялық оппозиция Женеваға біртұтас делегациямен бару туралы уағдаласты

1 843 просмотра

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – Сириялық оппозицяның ең жоғарғы комитеті (ОЖК) Женевада өтетін сирияаралық келіссөздерге баратын үкіметке қарсы күштердің бірыңғай делегациясын құру туралы уағдаласты, деп хабарлады РБК. 

«Ондай шешім Эр-Риядта өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданды. Келіссөз тобының құрамына 21 адам кіреді. Делегация құрамы сиряиялық әр түрлі әскери және азаматтық күштер өкілдері болады», - делінген комитет коммуникесінде. 

Делегацияның жартысына жуығы қарулы топтардан, ал делегацияның қалған жартысы оппозицияның саяси қанатынан тұрады. 

Оппозиция ОЖК мүшелерін де (Эр-Риядта құрылған), мәскеу-каирлік оппозициялық топ делегацияларын да біртұтас делегацияға біріктіру туралы келісті. 

Срия үкіметі мен оппозиция арасындағы келіссөздер ақпан айында Женевада өтуі тиісті. 

Еске салсақ, 15-16 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жоғарғы деңгейдегі кезекті келіссөздер өткізу жоспарлануда. Онда Сирия Араб Республикасының аумағында әскери әрекеттерді тоқтату режимінің сақталуын және нақты жерлердегі жағдайдың тұрақталуын, бірлескен оперативтік топ туралы ережені қабылдау, бітімгершілік режимін одан ары күшейтуде алдағы шараларды үйлестіруді, сондай-ақ басқа да нақты қадамдарды, оның ішінде алдағы Женевадағы сирияаралық келіссөздер тұрғысынан талқылайды. 

Астанадағы кездесуге Иордан Хашимиттік Корольдіктің, Сирия Араб Республикасы үкіметінің, сириялық қарулы оппозиция өкілдерінің делегациялары, БҰҰ бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистура, бақылаушы ретінде - АҚШ өкілдері шақырылған.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 ақпан 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.