Атырау, 19 сәуір 18:29
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астанада өтетін Сирия көліссөздеріне АҚШ өкілдері де шақырылады – ОКҚ

2 313 просмотра

15-16 ақпан күндері Астанада өтетін Сирия келіссөздеріне бақылаушы ретінде АҚШ өкілдері шақырылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«15-16 ақпан күндері Елордада Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана процесі аясында кезекті жоғары деңгейлі отырыс өткізу жоспарланып отыр. Аталған кездесуге Иордания Хашимит корольдігі, Сирия Араб республикасының үкіметі, Сирия қарулы оппозиция өкілдері, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура және бақылаушы ретінде АҚШ-тың өкілдері шақырылады», - деді ол.

Сонымен қатар Мұрат Жұманбай маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатындығын атап өтті.

«Ресей, Түркия және Иран кепілдік беруші мемлекеттердің хабарлауынша, кездесу барысында Сирия Араб республикасы аумағында әскери іс-қимылды тоқтату, режимді сақтау мәселелері және тұрақтылықты сақтау шаралары, Біріккен жедел топ туралы ережені қабылдау мәселелері талқыға түседі. Сондай-ақ, жиында Женевада өтетін Сирия аралық келіссөздер аясында бітімгерлік режимін сақтау барысындағы өзге де қабылданған қадамдар сөз болады», - деді ресми өкіл.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің 23-24 қаңтарда өткен алғашқы кезеңінде тараптар 6 жылға созылған азаматтық соғысты бейбіт жолмен реттей алмаған болатын. Бірақ тараптар Сирияда жылдың соңында жарияланған әлсіз бітімнің сақталуына мониторинг жасайтын Біріккен жедел топ құруға келіскен. Біріккен жедел топтың құрамында Сирия келіссөзіне бастамашы Ресей, Түркия және Иран өкілдері бар.

Бір ескеретін жайт, Сириядағы азамат соғысына қатысты Мәскеу мен Тегеран президент Башар Асадты, Анкара оппозицияны қолдайды.

2011 жылдан бері Сирияда азаматтық соғыстан 300 мыңға тарта адам қаза тауып, миллиондаған азамат елден көшіп кеткен.

Дереккөз: Baq.kz

13 ақпан 2017, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.