Атырау, 24 сәуір 14:49
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

4 598 просмотра

МУАЙ-ТАЙ


Алматыда балалар мен жасөспірімдер арасында муай-тайдан ҚР чемпионаты өтті.

Оған 360 шақты спортшы қатысты. Әдеттегідей, жиырма шақты марапатты: 4 алтын, 6 күміс және 8 қола алқаны қоржынына салған «Қайсар» спорт клубының командасы (Атырау) мықты сайыстар көрсетті. 

Әли Науанов, Қайрат Айдынғали, Арсен Бесенбай және Сағынбек Хасанов чемпиондар; Юсуф Мухтасип, Шыңғысхан Елубаев, Әбдірайым Тұрдиев, Ізғали Әмірғали, Әділжан Амангелдиев, Ділдә Жұмалиева күміс алқа иегерлері атанса, Вячеслав Ким, Нұртас Сағидолла, Әлихан Ермұханұлы, Ғанибет Боранғали, Әли Мұратов, Рамиль Маратов, Бекжан Өмірзақов пен Дамир Әліп қола алқалар иеленді. Атыраулық спортшылар Ю. Мухтасип пен А. Бесенбай үздік жекпе-жек сыйлықтарымен марапатталды.

***

ММА

«Атырау» ДСК-де ММА (аралас жекпе-жек) бойынша облыстық чемпионат өтті.

«Тордағы» төбелес 3 минуттан тұратын 2 раунд, финалдар – 5 минуттан тұратын 2 раунд формуласымен өткізілді. Жекпе-жекке облыстық джиу-джитсу және ММА федерациясынан, «Айдар», «Батыс жекпе-жек», «Номад ММА», сонымен қатар, Индер, Құрманғазы және Жылыой аудандарының спорт клубтарынан  барлығы 55 спортшы қатысты. 
57 келіге дейінгі салмақта - Талғат Жұмағалиев (Жылыой), 61,2 келіде - Райымбек Дүйсенов («Айдар»), 65,5 келіге дейін - Джахар Шапхатов (федерация ММА), 70,3 келіге дейін - Әділбек Қайырғали («Айдар»), 77,1 келіге дейін - Нұршат Әуелбаев (Жылыой), 93 келіге дейін - Думан Балмұханов («Айдар») облыс чемпиондары атанды. Сайысқа ММА бойынша халықаралық дәрежедегі төреші Манап Қабдиев төрелік етті.
Облыстық ММА федерациясы оқу-жаттығу жиындарын өткізуді және 1-3 сәуірде Қарағандыда өтетін ММА бойынша ел чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

***

Ақтауда «NFC» жекпе-жек фестивалі болып, онда ММА, панкратион, грепплинг және бразилиялық джиу-джитсу бойынша сайыстар өтті. 

84 келіге дейінгі салмаққа «Atyrau MMA Top Team» команда капитаны Исатай Теміров жергілікті палуан Шыңғыс Айтуғанды жеңіп, «NFC»  жартылай финалына жолдама алды. Спортшыны жауынгерлік самбо бойынша әлем чемпионатының финалисі Бауыржан Берғали жаттықтырады.


ММА бойынша рейтингілік жекпе-жекте 70 келіге дейінгі салмақта атыраулық палуан Асыланбек Тәженов ақтаулық Серікбай Ходжабаевтан үстем түсті. Атыраулық үшінші спортшы – Абылай Төлеш 62 келіге дейінгі салмақта Сағынай Шүкірмен белдесіп, Гран-при ұтып алды да «NFC» белдігінің иегері атанды.

***

СПАРТАКИАДА

Облыстық қысқы спартакиада аясында Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен Жайықта 2000-01 жылғы мектеп және колледж оқушыларының шаңғы жарысы бойынша сайыс өтті.

Жүлделі орындарды (тиісінше 1-ші орыннан бастап 3-ші орынға дейін) қыздар – Жансая Қабақ (Амангелді атындағы мектеп), Саяжан Саясат пен Анна Закирова (екеуі де – политехколледж), бозбалалар – Әлібек Тапаев, Райымбек Ақжігітов (екеуі де – политехколледж), Саят Мұстахимов (Амангелді атындағы мектеп), жалпы есепте 1-ші орынды политехколледж командасы, 2-орынды – Амангелді атындағы мектеп, 3-орынды Ы.Алтынсарин атындағы №11 мектеп алды. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ





9 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.