Атырау, 23 сәуір 17:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Көзілдірігіңіз қайда?

2 820 просмотра

– Мен мерзімі өтетін жүргізуші куәлігімді жаңарту үшін медициналық анықтама ресімдедім. Барлық мамандардан медициналық қорытынды алып, мөр соқтыру үшін ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) кабинетіне әкелдім. Бұл ресімдеудің соңғы бөлімі. Алайда бұл кабинеттегі маман фотосуретке менің көзілдіріксіз түскеніме сілтеп, мөр басудан бас тартты. Ал офтальмологтың қорытындысында «көзілдірік-пен жүргізуге жарамды» деген мәлімет бар. Яғни, ол жаңартылған куәлікке қажетті медициналық анықтама үшін қайта суретке түсуге міндетті екенімді айтады. Мен көзілдірік кимеймін, линза қолданамын. Емхана қызметкерінің мұндай талап қоюға құқығы бар ма?

Светлана 

Сұраққа №1 емхана бас дәрігерінің орынбасары Раиса БАЙМҰХАНОВА комментарий берді:
– Медициналық тұрғыдағы реттеуші құжаттарда фотосурет, соның ішінде, бетінде көруге арналған көзілдіріктің болуы немесе болмауы секілді детальдар айтылмаған. Мұның медициналық тұрғыға қатысы жоқ. Сондықтан медицина қызметкері тарапынан суретке көзілдірік киіп түсу қажеттілігі туралы сіздің оқырман суреттеген талап заңды емес және орынсыз. Бәлкім, полиция тарапынан мұндай талаптар негізді шығар, бірақ медиктер тарапынан емес. Бұл жағдайды анықтайтын боламыз. 

9 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.