Атырау, 19 сәуір 21:47
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қысқы аккорд

Сурет
4 308 просмотра

Танымал қазақстандық журналист Вадим БОРЕЙКОНЫҢ «Високосный.kz. Дневник социопата» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Бұл өткен жылғы шыққан оның атышулы «Котелок» естеліктер жинағының жалғасы. Аталмыш жаңа шығарманың бір бөлімі осыдан бес жыл бұрын Борейко жұмыс істеген атыраулық «Ақ Жайық» газетіне арналған. Автор оны бізге жариялау үшін ілтипатпен ұсынды.

…Қазақстанда қыста басқа жерлерге қарағанда Атырауда ішімдік жеңіл ішіледі. Оның сыры да түсінікті: масаңдық қандағы оттегінің жетіспеушілігі нәтижесінде зат алмасудан басталады. Өйткені, жыл сайын тыныс алу қиындап бара жатқан Алматыда «кешегі» жағдайың – қатаң жаза дерсің. Ал бұл жерде Каспийден соққан мұздай қарыған жел – бір ғанибет дерсің! Кешегі жартылықтан таңертеңгілік ағзаңда ешқандай да із қалмайды. Ал, 0,75 кейін жұмысқа тартпайтын әлдебір қиялшылдық туатын. Алайда, оның өзі душтың немесе джакузидің суымен тез-ақ шайылып та кетеді. Менің иелігімде мұның екеуі де болды. Оған қоса диваны бар жеті бөлме болды, олардың барлығында мен кербез мысықтай кезек-кезек жататынмын. Және үлкен ас үй, ортасында сегіз адамға арналған үстелі тұр. Жайық өзені мен мұнай астанасының бар келбетінің панорамалық көрінісін беретін лоджия да бар. Төменде 16-шы қабаттан балалардың лего құрастыру ойыншықтары сияқты болып көрінетін облыстық әкімдік үйі көзге түседі. Мен желіккендей соған қарай темекі тұқылдарын атқылайтынмын. Бірде менің жас күнімдегі мына бір мәтел еске орала кетті: ««Нет лучшей красоты, чем поссать с высоты». Бірақ, өзімді ұстап қалдым. Неге екенін өзім де білмеймін. Кешкілік үзілісте 200 метрлік пәтерде футбол добын тептім. Бір ғана қолайсыздық болды – лифт жиі бұзылып қалады, содан 16-шы қабатқа жаяу көтерілуге тура келеді. Дегенмен жоғарыға көтерілген сайын ентігің басылып отырады. Міне, 2012 жылдың қаңтарында Атырауға бір айға келісімшартпен жұмыс істеуге келгенімде «Ақ Жайық» газеті мен үшін осы патша сарайында баспананы жалдап берді.


***


Суретте (солдан оңға қарай): Сабыр Қайырханов, Михаил Паличев, Әбділда Мұқашев. 1990-шы жылдардың аяғы. Суреттер Виктория Лидің жеке мұрағатынан алынды.

Бұл Қазақстандағы алғашқы жеке БАҚ-ның бірі, ол еліміздің тәуелсіздігінен бұрын пайда болды. Аймақтардағы апталық газеттердің ең таңдаулысы. 1991 жылдың наурызында оның негізін «Ақ Жайық» ЖШС төрағасы Әбділда Мұқашев, бас редактор Сабыр Қайырханов және редактордың орынбасары Михаил Паличев қалады. Олардың үшеуі де әлі күнге осы орындарында. «Ақ Жайық» газетінің 25 жылдығында Әбділда былай деп жазды: «Сонау 1991 жылдың 16 наурызында алыс шалғайдағы Гурьев қаласының көшелерінде Қазақстанның батысындағы алғашқы тәуелсіз газет таратыла басталды. Газеттің жоғарғы жағында алдағы референдумға қатысты алып елдің халқына: «Кеңес Социалистік Республикалар Одағын тең құқылы егемен мемлекеттердің жаңартылған федерациясы ретінде сақтап қалу қажет деп есептейсіз бе?» деп қойылған сұраққа берілген «ИӘ» және «ЖОҚ» деген жауаптары көзге түсетін еді. Қазір мұндай ел жоқ, ТМД мен ЕЭО бар. Бірақ бастысы – біздің Республикамыз, егеменді мемлекетіміз бар. Таңдауыңа қарай, кез келген баспасөз де бар. 91-ші жылдары жергілікті басшылар күле қарап басудан да, мемлекеттік пошта арқылы таратудан да бас тартқан газет әлі күнге дейін шығып жатыр (сол кезде марқұм досым, әріптес-курстасым шалғайдағы Шымкентке шақырып, көмектескен еді). Содан кейін «ақ үйден» пікірі дұрыс бір адам шықты. Облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі тіпті өз көлеңкесінен қорыққандарға телефонмен ұрысып тастады. Сірә, текке қорықпаған шығар, тамыз айында үш күндік бүлік бұрқ ете түсті. Партия газетінің лездемесінде бір адамның: «енді міне, КГБ қажет емес басылымдарды жауып тастап, керекті адамдарды қамауға алады...» деп, қуана алақанын ысқылағанын кейін маған айтқан еді... Уақыт өтіп жатыр. Адамдар да өзгереді, әкімдер де кезекпен келіп-кетіп жатыр. Олардың әрқайсысының тәуелсіз баспасөзге деген өз көзқарастары болды: шақыртудан бастап дастархан жаюға дейін, жеңілдікпен несиелер ұсыну және басқа «жеке» игіліктерден бастап, журналистерімізді қылмыстық қудалау, қоқан-лоқы көрсету, электр қуатын ажыратып тастау, өрт қою секілді әрекеттерге дейін орын алды. Сондықтан біз ұзақ уақыттан бері басылымдарымызды өз баспаханамызда шығарып келеміз. Сол жерден апта сайын екі тілде бөлек газет басылымдары шығып тұрады, бүкіл қажетті коммуникациялардың екі-үштен қосарлама құрылғысын жасадық және т.б. Әрине, мұның бәрі артық шығындар, төлемдер, сөз еркіндігі үшін салықтар екені рас. Профессор Клейнроктің даңқы арта берсін, интернет бар. Атырау облысында халық санының аздығына қарамастан, біздің үш тілді сайтымыз Қазнеттегі ең көп оқылатын жиырмалықтың қатарынан орын алған. Тәулік сайын 30 мыңнан астам пайдаланушы қолданады. Алда біздің болашаққа деген жоспарларымыз бен ойларымыз көп... Сондықтан бәрімізді мерейтойымызбен құттықтаймын, «Ақ Жайықтың» 25 жылдығы құтты болсын!» (Мақаланың соңы.) 

Мен, жалпы өзімнің Урюпинскіге қыдырып қайтуға бара жатпағанымды түсіндім, күш салмай болмайды.


***


Суретте: Сарайшықтағы қазба орындары. Сурет авторы Вадим Борейко
Алдымдағы міндет аса қиын болмағанмен, көп еңбектену керек: басылымның дизайнын жасау және редакция жұмысын тиімді жолға қою. Оның ішінде газетті беттеу процесін жеделдету: оларда баспаханаға түннің ортасында беріліп келген. Баспахана қожайындары да өздері болса да бәрібір ретсіздік болды: адамдар артығымен жұмыс істесе де газет оқырманға кешігіп жеткізілді. Менің газетке келген уақытым Әбділдә мен Сабырдың еңбек демалысына кеткен уақытымен сәйкес келді. Мені редактордың бөлмесіне орналастырды. Алайда, мен бар-жоғы кеңесші болып (шынында Воланд ретінде емес: ол шетелдік кеңесші болды, ал мен отандық) жалдансам да басқару тетігі айдан аса уақыт менің қолыма көшті. Ұжым қарсы болған жоқ, ниеттестік танытты және маған да келісімдерге шырмалмаған, еркін жағдайда жұмыс жасау жайлы болатын. Редакциядағы екі журналисті мен жақын танитынмын. Виктория Ли және Зульфия Байнекеева 2000-шы жылдары «Время» газетінде Атырау облысы бойынша меншікті тілші болып жұмыс жасады. Бастапқыда мен жоғалған уақыт туралы ертегі жазбақшы болып шештім. Яғни, шығармашылық-өндірістік процестің қандай кезеңдерінде сағаттар, тіпті минуттар жоғалады, соны анықтамақ болдым. Сондай бір уақыт жоғалту таңданысқа әкелді.  


***


…Өмірімде біраз корректорлық бюроларды көрдім. Ең бір кәсібиі – «Караванда», 1990-шы жылдары керемет бір жан Гильда Серафимовна Долженкова басқарған бюро болса, енді бірі «Время» газетіндегі Наталья Леонова. Корректорлар менен қорқасоқтайтын: менің түрім 30 жылдан бері мейірімсіздігімен ерекшеленеді, оның үстіне менің өзіме тән граммар-нацизм тағы бар. Сондықтан да олар мәтіндегі әрбір үтірді менімен бірге тексеретін. Оның есесіне жылына екі рет жаңа жылдық кеште және газеттің туған күнінде өз үстелдеріне шақырып, бәрі хормен жақсы көретіндерін айтатын. Мен оларға өзара сүйіспеншілікпен сауатты орыс тілінің қорғаушысы ретінде жауап қайтаратынмын. Қызыл кітапқа енгізетін кез де келген секілді. Қысқасы мен мықты корректор мен орташа корректорды (ал нашары тіптен қажет емес) ажырата аламын. «Ақ Жайықта» Ирина Козонова (қазір ол жауапты хатшы) бастаған перфекционистердің үлкен бір командасымен кездескенімде ерекше таңданыста болдым. Перфекционизмді мұқият оқығаннан басқа, олар барлық жерде «ё» қоятын болды! Онымен тіпті, кітаптың өзінде сирек кездесесің. Мен корректорларға шынайы құрмет білдірдім: иә, бұл әріп алфавитте аса еңбегі сіңбеген және қашанда «е» әрпін бағалап, «ё» әрпін көзге ілмеуге тырысады. Иә, оған еңбегі үшін Ульяновскіде ескерткіш те қойылған. Алайда, оны енгізу қосымша корректураны талап етеді, ал менің есебім бойынша оған 40 минуттан бір сағатқа дейінгі уақыт кетеді. Корректорларға қысым жасай қоймадым: олардың әрқайсысына полиглот Дмитрий Петровпен бірігіп жазған «Магия слова. Диалог о языке и языках» деген кітапты сыйға тарттым. Қалай болғанда да «ё» туралы ұмыттыруға тырыстым. ...Екі апта өткен соң мен шеберлік таныттым. Біз газетті баспаханаға әдеттегі түнгі үштің орнына күндізгі сағат үште бердік. Редакция мен техникалық қызметкерлерге былай деп түсіндірдім: қашан болмасын мынадай фанатизмді қайталай беруге міндетті емес. Технология қазір дамыған, олар беттеуді кешкі алты жетіде аяқтауға мүмкіндік береді. Кесте бойынша.


***


Суретте: Сарайшықтағы қазба орындары. Сурет авторы Вадим Борейко

Менің жұмысымның бағыты өз кезегімен жалғаса берді. Таңертеңгілік лездеме өткіздім. Ұжыммен бірге сағаттарды тексердім (Ұялы телефон пайда болғалы қолсағат тақпаймын). Жоспарлау менің мақсатым, онсыз болмайды. Мәтіндерден қателерді таптым. Компьютерден емес, ескі әдетпен қағаздағы түпнұсқадан тексергенді жөн көрдім: журналист өз қатесін көреді және одан не қалайтынын жақсы түсінеді. Жауапты хатшы Вика Лиді және беттеушілерді газеттің жаңа моделіне үйреттім. Ал тағы да маған күмәнданбасын және алаңдамасын дегендей әр апта сайын кәртішкеме жалақым түсе бастады. Не керек, керемет мотивация. Маған шабыт берді. Кешқұрым желмен алыса өзімнің жеті бөлмелі әкімдікті бақылау қосыныма бет аламын. Бір жақсысы, редакциядан бес-ақ минутта жетіп барам. Бәрібір аяз беті қарып үлгеретін. Оның үстіне жолымда дүкен бар. Кеңседе өзіме ерік бермедім. Жоқ, жоқ, бұл тіпті маған ұқсамайды да. Бірақ, қайдан дерің бар ма? Адамдармен таныстығым аз, мүмкін дұрыс түсінбей қалар. Үнемі мәдени емес бағдарламадан басқа мәдени бағдарламалар да орын алып тұрды. Бірде демалыс күндері редактордың орынбасары Михаил Паличев пен Азамат Майтанов Атыраудан 60 шақырым жердегі Сарайшыққа барып келуге ұсыныс жасады. Бұл жерде XIV – XVI ғасырда Алтын кейін Ноғай ордасы болған. Алтын орда хандары - Сартақ, Берке, Тоқтақия, Жәнібек (басқа мәліметтер бойынша Меңгу Темір), қазақтың - Қасым, ноғайдың – Ізмайылы және Ораз жерленген. Қазба орындарынан маған бас сүйектер қарап жатты. Мен жүремнен отырып, оның бірін қолыма алдым да жәй ғана былай дедім: «Байғұс Йорик! Горацио, мен оны білемін: бұл шексіз әзілмен құия ғажайыпқа бай адам. Ол мені мың мәрте иығына салып, арқалады, ал, енді... Менің қиялымды мына сүйектер кері итергендей. Мен сондай есеңгіреп қалдым. Бұл жерде ерін болды — мен оларды жиі сүйетінмін. Енді сенің әзілдерің, сенің қылықтарың қайда? Барлық той тойлаушыларды күлкіге қарық қылған әндерің мен жасындай кесіндерің қайда? Енді сенің сүйекті күлкіңді кім жанға батырып жеткізеді? Бәрі де құрдымға кетті». Горацио мені джип көлігіне шақырды: «Вадим Николаевич, күн салқын. Үйге қайтайық. Тек Йориксіз».


***


Атыраудан аз ақша тапқаным жоқ. Күзге дейін Арманжан Байтасов Forbes.kz. шақырғанға дейін отбасымның өмір сүруіне жетті. Өткен жылдар ішінде біз Мұқашевпен бірнеше рет кездестік және мен одан кеңесшіні инвестициялағанына өкінбей ме деп сұрдым. «Иә мен бірнеше рет жарнаманың есебінен қайтардым», - деп жауап берді Әбділдә. Айтпақшы, мені онымен 2012 жылы ҚР Журналистер одағының және Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаев менің Жаңаөзендегі оқиға туралы «Аттестат незрелости» деген мақаламның оппозициялық «Республика» порталында жариялағанғаны үшін «МК-Казахстан»-дағы жұмысымнан шығап қалғанымды білген кезде таныстырған болатын.

8 ақпан 2017, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.