Атырау, 18 сәуір 13:36
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

"Зәуреш Батталова: 26-бапты өзгерту қажет емес", "«Iштен шыққан жауымыз» кiм?", "Билік бір де бір бапты халық талқысына салған жоқ", "Трамптың Орталық Азияға қатысты саясаты қандай болмақ?", "Батыс баспасөзі: "Путин - қанішер""

1 877 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Зәуреш Батталова: 26-бапты өзгерту қажет емес" - Бұрынғы сенат депутаты, "Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының" президенті Зәуреш Батталова конституциялық өзгерістер жобасында 26-баптағы "Қазақстан республикасы азаматтары" тіркесін "әркім" деп өзгерту - "шетелдіктерге Қазақстан жерін жеке меншікке өткізудің жолы" деп санайды. Астана, 6 ақпан 2017 жыл.

"Трамптың Орталық Азияға қатысты саясаты қандай болмақ?" - Қытай, Ресей және Мексика тәрізді елдерге Дональд Трамптың қалай қарайтыны әу бастан белгілі болды. АҚШ-тың жаңа президенті Орталық Азия туралы нақты ештеңе демеді.

"Билік Исмаилованың үнін шығарғысы келмейді" - Әшкерелеуші мақалалары үшін Әзербайжан билігі журналист Хадиджа Исмаилованы жақтырмайды. Оның Брюссельдегі мәжіліске видеоконференция арқылы қатысуына тосқауыл қоймақ болғандар әрекеті тілшінің өзін таңғалдырды.

ZHASALASH.KZ. "КРЕМЛЬ АСҚАН «КОМСОМОЛ» және тосын тағайындаудың тобықтай түйiнi" - Сырттан қараған адамға Ақорданың тынышы кеткендей көрiнедi. Тосын тағайындаулардан жұрт жаңылатын жағдайға жеттi қазiр. Тосынның тосыны – Иманғали Тасмағамбетовтiң Ресей асуы. Бұл – баяғы билiк транзитi туралы әңгiменi қайта қоздырды. Өйткенi И.Тасмағамбетовтiң ел алдындағы азды-көптi беделi мен тұлғалық тұрпаты “тас түскен жерiне ауыр” дейтiн мақалдың мазмұнымен мәндес. Сондықтан да болар, “комсомолдың” Кремль асуын ширек ғасырдан берi болмаған ең iрi ауыс-түйiс қарсаңындағы “артық салмақтан арылу” амалына балайтындар өте көп. Алайда ТАС-тың “қозғалуын” анау айтқандай жаңалыққа жатқыза қоюға болар ма екен?!

"«Iштен шыққан жауымыз» кiм?" - Өткен апта үкiмет мүшелерiнiң президент пен Қазақстан халқына ант беруiмен басталып, Н.Назарбаевтың үкiметтiң iшiнен жау iздеуiмен аяқталды. Президенттiң аузынан шыққан “бесiншi колонна” туралы сөз елдегi билiкте үрейi мен күдiгi күштi үрдiстердiң жүрiп жатқанын анық аңғартты. Алдымен Ұлттық банктiң төрағасы Данияр Ақышев, бас прокурор Жақып Асанов, “Сырбар” сыртқы барлау қызметiнiң директоры Ғабит Байжанов, әкiмдер мен үкiмет мүшелерi секiлдi жоғары лауазым иелерi Ақордада Конституцияға қолын қойып тұрып Қазақстан президентi мен халқына адал болуға ант бердi. Шенеунiктердiң Н.Назарбаевқа жеке-дара адал болуға ант бергенi президенттiң таяуда ғана суперпрезиденттiк өкiлетiмен үкiмет және парламентпен бөлiсуге дайын екенiн бiлдiрген мәлiмдемесiмен еш қабыспайды. Қисынға салсақ, үкiмет мүшелерi Конституция бойынша билiктiң қайнар көзi болып табылатын халыққа ант беруi ғана қажет едi. Бұл жағдайдың өзi билiктi тең бөлу туралы сөз бен нақты iстiң арасы жер мен көктей екенiн дәлелдеп бермей ме?

365INFO.KZ. "Будейкин. Балаларды суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынының авторы осы!" - Ресейдің әлеуметтік желілерінде ашылған „өлім топтарына„ қазақстандық оқушылар да тіркелген. Сондықтан құзырлы органдар дабыл қағып, ата-аналарға балаларына сақ болуды ескертті.

"Елбасы неге Ақышевқа араша түсті? Маман пікірі" - Елбасы жуырда ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевқа араша түсті. Үкіметтің кеңейтілген жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаев оған: „Ешкімнен қорықпа, біреу бірдеңе десе, маған айт„ деп салды.

ABAI.KZ. "Батыс баспасөзі: "Путин - қанішер"" - Жақында «Fox News» арнасының жүргізушісі  O’Reilly Ресей Президенті Владимир Путинді «қанішер» деп атады. АҚШ-тың 45-Президенті Доналд Трамп ресейлік әріптесі Володяны «құрметтейтінін» айтқан. Бұдан кейін Бил «ол қанішер ғой. Оны қалай құрметтейсіз» дейді. Сөйтіп, Трамп пен Бил арасындағы диалог жұрттың талқысына түсіп, әсіресе ресейлік БАҚ-тың шамына тигенге ұқсайды. Трампты жеті әкесіндей көретін Ресейдің шолақ белсенді саясаткерлері бұған үндемей қалмапты.

"Билік бір де бір бапты халық талқысына салған жоқ" - Ата Заңның 26-бабына енгізілгелі отырған өзгертулерге қатысты саясаттанушы Дос Көшім мырза  «Abai.kz» ақпараттық порталы арқылы өз пікірін білдірді.

QAMSHY.KZ. "Сарапшылар: биыл бензин де, дизель де қымбаттамаса, арзандамайды" - Кеше сұранысқа АИ-92 маркалы бензині 137-ден 139 теңгеге, ал АИ-95 бензині 150 теңгеге дейін көтерілді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір жылда баға 13,7 пайызға қымбаттаған екен. Сарапшылар 2017 жылы бензиннің де, дизельді отынның да бағасы қымбаттамаса, арзандамайтынын айтады. Себебі, рубль девальвацияға ұшырауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде Ресейден келетін тауарлардың, соның ішінде бензиннің де қымбаттайтынын білдіреді.

"Қытай Қазақстан саясатына қарсы ма?" - Өткен жылдың соңына қарай, интернетте «Қытайдағы қазақтарға виза бір жылға берілетін болыпты» деген хабар қаптап кетіп еді. «Бәркелді» десіп қуанып қалдық. Ал Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасына түрлі өзгерістер еніп, қандас ағайындарға қам жасап бастап еді. Бір елден бір елге келіп, орнығып кету, Қазақстан қоғамына сіңісудің өзі қайтпас қажырлықты талап етеді. Қытайдан келіп жатқан ағайындар, бірінші кезекте ықтияр хатты алуға тырысады. Мақсаты, екі ел шекарасынан визасыз өту еді. Әрі қарай Қазақстан азаматтығына өтініш беру. Ықтияр хаттың уақыты он жыл. Осы он жыл көлемінде ағайындар артта қалған ауылындағы көп шаруаның етек-жеңін жиыстырып келу болатын. Ықтияр хатпен жүргендер көбіне қария кісілер, олар Қазақстан Республикасынан зейнетақы ала алмайды, себебі оны Қытай елінде зейнетақы алып отырған азаматтар.

TURKYSTAN.KZ. "Антропоцен дәуірі: Әлемді ізгілік құтқарады" - Әлемді тағы да зорлық-зомбылық, өшпенділік пен алауыздық жайлап алды. Оның себебі – жалған діндарлықты, нәсілдік пен этникалық артықшылықты, алдамшы сыртқы саяси мүддені жамылған жандардың шексіз ашкөздігінің, билік құмарлығы мен саяси сотқарлығының салдарынан әлемді дұшпандық, лаңкестік әрекеттер, басқыншылық соғыстар өрті шарпуда. Орта ғасырлардың рақымсыздығы қайта оралып, күнәсіз сәбилерге, ауруханаларға оқ жауып, миллиондаған бейбіт халық шарасыздық күйін кешуде.


7 ақпан 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.