Атырау, 29 наурыз 07:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

БҰҰ Бас хатшысы ИМ ұйымының тактикасының өзгергенін айтты

2 348 просмотра

«Ислам мемлекеті» (ИГ) лаңкестік ұйымына қарсы күрес соңғы кездері оң нәтиже беруде, бірақ лаңкестердің қауіп-қатері әлі де жоғары, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, деп жазды «Коммерсант». 

Оның баяндамасында ИМ өз лаңкестік әрекетін шиеленіскен аумақтардан тыс өзге мемлекеттерде белсендірек іске асырып жатқаны айтылған. Гуттериш мырзаның сөзінше, бұл үшін ИМ өзге мемлекеттердегі өз жансыздарымен байланысуда. Сондықтан, әуежайлар мен ұшақтардағы терактілер қаупі «жоғары» болып қала береді. 

Сонымен бірге, ИМ лаңкестері өз өз жақтастарымен байланысу үшін және жаңа мүшелерді тарту үшін шифрлеу, заңсыз вебсайттар мен мессенджерлер секілді құралдарды пайдалануда, деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы. ИМ қаржының 80% жуығын мұнай мен газ сатудан және бопсалаушылық пен қарақшылықтан табады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Сирия мен Ирак халықаралық терроризммен күресте ең күрделі аймақтар болды. Жыл аяғында екі елде де мәселе айқындалды. Бір жыл бұрынғы күштер теңгерімі бұзылды және ислам радикалдарының іргесі сөгілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

7 ақпан 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.