Атырау, 24 сәуір 06:44
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау спортшысы Универсиада алқасын иеленді

2 101 просмотра

Бүгін, 6 ақпанда Атырау үшін ұлттық құраманың құрамында бақ сынаған коньки тебуші Денис НИКИША Универсиада-2017 додасында 500 метрлік қашықтықтағы шорт-тректе қола алқа иеленді (алтын - Ким До Кьюм, Оңтүстік Корея, күміс – Абзал Әжіғалиев, Қазақстан).

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар хабарлағандай, Атырау үшін шорт-тректе тағы екі спортшы – Ким ЁНГ пен Ольга ТИХОНОВА өнер көрсетеді. Шорт-трек бойынша облыстың аға бапкері Петр ГАМИДОВ хабарлағандай, қыздар бүгін шорт-тректе 3000 метрге дейінгі эстафетада жартылай финал үшін жарысады. Финал ертең Алматы уақыты бойынша сағат 18-де өтеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 ақпан 2017, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.