Атырау, 29 наурыз 12:42
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ЕурАзЭО-мен тең

2 029 просмотра

Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.
azh.kz сайтынан

Сұраққа ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан ТАУБАЕВ жауап берді:
Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» деп аталатын бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарында ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіру мақсаттарында монополиямен қызмет жұмысының тұжырымдарын өзгерту қарастырылған (53-ші қадам).
Осы тапсырманы орындау бағыттарының бірі баға реттеуден монополияға қарсы реттеуге көшу болып табылады (монополды жоғары бағаны белгілеуге байланысты құқықбұзушылықтарға жол бермеу, картельдермен күресті нығайту, сатылас келісімдерге жол бермеу және т.б.). Осыған байланысты реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмін жою қарастырылды. Бұл шара ЕурАзЭО аясында кәсіпкерлер үшін бәсекелестіктің тең жағдайын құруға мүмкіндік береді.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 7-1-бабында қарастырылған тауар нарығындағы мемлекеттік баға реттеуді жою қарастырылған. 
Қазіргі кезде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік және тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Заңында «қоғамдық маңызы бар нарықтар» деген түсінік бар.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабының 1-тармағына сәйкес, бағаларды мемлекеттік реттеу мынадай: 1) электр энергиясын энергиямен жабдықтау ұйымдарының бөлшек саудада өткізуі;
2) электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру мен жүргізу, сауда жүйесінің орталықтандырылған сауда-саттықтар жүргізуге, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуға дайындығын қамтамасыз ету; 3) тауарлық газды бөлшек саудада өткізу, топтық резервуарлық қондырғылар арқылы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу; 4) ішкі рейстерде әуежайлардың қызметтерін көрсету: жолаушыларды отырғызу-түсіру (телескоптық трап арқылы), тасымалдау процесін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын әуежайдың үй-жайларын жалға беру, жүктерді өңдеу, жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңдар) ұсыну, әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету; 5) мыналарды: теміржол жүк вагондарын жалға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; ҚР аумағы арқылы транзиттік қатынаста жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тартқыш жөніндегі қызметтерді көрсету салаларында қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.
Мұнда қоғамдық маңызды нарық субъектілері Кодекстің 124-8-бабымен реттелген. 
Кодекстің 124-3-бабына сәйкес, энергия өндіруші ұйымдардың тариф белгілеуі ҚР «Электр энергетикасы туралы» заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Кодекстің 124-5-бабының 2-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 1-ші және 3-ші тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау жүзеге асырылған нарық субъектілеріне қолданылады. Сонымен қатар, 124-5-баптың 1-тармағының 1-ші және 3-ші тармақшаларында көрсетілген салаларда бағаларды мемлекеттік реттеу жиынтығында мынадай талаптарға сай келетін: бұрын бағаларды мемлекеттік реттеу және баға белгілеуді мемлекеттік бақылау 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған реттелетін нарық субъектілері көрсетілетін қызметтерді ұсынған тұтынушыларға 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін қызметтер көрсететін нарық субъектілеріне де қолданылады.
Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы құзыреті аталмыш кодекстің 124-6-бабымен реттеледі.

2 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.