Атырау, 18 сәуір 23:25
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 808 просмотра

Футбол

Біздің өжет бозбалалар

29 жылда алғаш рет Халықаралық «Мемориал Гранаткина-2017» турнирінің (Ресей) тарихында қазақстандық футболдың жасөспірімдер құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Турнир кейін танымал болған футболшыларға арналған бірнеше буын өкілдерін тәрбиеледі. Түрлі жылдарда оған Андреас Мёллер, Оливер Бирхофф, Карстен Янкер, Марсель Десайи, Игорь Колыванов, Александр Мостовой және басқалар қатысты.
Санкт-Петерборда ФИФА тұңғыш вице-президенті Валентин Гранаткинді еске алуға арналған футболдан XXIX Халықаралық жасөспірімдер турниріне жасөспірімдердің 16 құрамасы (18 жасқа дейін) қатысты. Қазақстандық команданы сарапшылар «жағымды жаңалық» деп атады.  Біздің жасөспірімдер бапкер Александр Кузнецовтың жетекшілігімен алдыңғы ойынның жеңімпазы, Словенияның өте мықты командасымен тепе-тең түсіп, алғашқы матчтан-ақ таң қалдыра бастады. 
Біздікілер 2:2 есебімен ойнаған Әзірбайжан құрамасы да турнирдің сүйікті командаларының бірі деп есептелді. Плей-оффқа шыққан қазақстандықтар әр матчта сеніммен жеңіске жетіп, финалға дейін шықты. Ол жерде табанды күреспен 0:1 есебімен ресейлік замандастарына жол берді.
ҚР жасөспірімдер құрамасының құрамында жерлесіміз, «Атырау» ФК түлегі Ерасыл Аманжол да өнер көрсетіп жүр.
Турнир барысында ресейлік «Зенит» және «Спартак» клубтарының спорт агенттерінің қазақстандық команданың жекелеген ойыншылары туралы сұрастырып жүргені белгілі.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

***

Атаулы күндер

«Күрес мені шынықтырды»

Дамбы ауылдық округінде Амангелді атындағы балық аулау ұжымдық шаруашылығының Забурыннан көшкеніне 60 жыл болды.

«ҚР білім беру жүйесінің үздігі», зейнеткер, Амангелді атындағы мектепте дене тәрбиесі пәнінен ұзақ жыл сабақ берген Бақтығали ОРЫНБАСАРОВ (суретте) әңгімелейді.
- 1956 жылы мен жеті жастағы бала едім. Дамбыға алғаш болып біздің ұжымдық шаруашылық – жүз шақты отбасы қоныстанды. Бұған дейін Жайық жағалауының бойында Пешной жартыаралы жаққа қарай отыз шақты үй орналасқан болатын. Содан кейін «Құрманғазы», кейін «Қызыл-балық» пен «Жамбыл» ұжымдық шаруашылықтары көшіп келді. Бұл шаруашылықтар балық аулау жоспарын асыра орындаған Гурьев облысының Балықшы ауданының өзегі болды. 
- Сіз еркін күреспен біраз жыл айналысқан екенсіз. Осы туралы айтып берсеңіз.
- Мен «Еңбек» ЕСҚ спорт мектебінде бапкер Сулико Антонович Козоновта жаттықтым. Менің екінші бапкерім Түйешібай Жасмамбетов болды.
Күреспен айналысу мені шынықтырды. Әскерде жүргенде еркін күрестен Түркістан әскери округінің чемпионатында төртінші орын алып, КСРО спорт шеберінің нормативін орындадым.
1974 жылы Амангелді ауылындағы мектептің дене тәрбиесі мұғалімі болып жұмыс жасай бастадым. Ұзақ жылдар бойына біздің мектеп Балықшы ауданының чемпионаттарында бірінші орын алып жүрді. Зейнеткерлікке шыққаныма бір жыл болды, бірақ, сүйікті ісіммен айналыспай, үйде отыра алмаймын. Мектептен велосипед спорты мен хоккей үйірмесін ұйымдастырдым, сабақтарды тегін өткіземін. Күн жылы болған кезде алғашқы совдептықтар атылған Пешной жартыаралындағы стелаға барамыз. Ал қыста хоккей ойнаймыз.
- Дамбы ауылдық округінің үздік спортшыларын атасаңыз.
- Манарбек Қапаров – менің үздік шәкіртім, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер, қазір БЖСМ-2-де бапкер болып жұмыс істейді. Ағайынды Сағат пен Ахат Қойбақовтар, Еркін мен Бейбіт Айсанғалиевтар. Мектеп оқушылары Нұрхан Хамзаев, Саят Мұстахимов, Елдос Бақтығалиев, Нұрзат Игапаров, Айдана Сапидолла, Нұргүл Дүйсембаева, Әлия Тілеген және Жансая Қабақ үздік спортшылар болып табылады. 
2006 жылдан бастап мен Амангелді атындағы мектеп командасын өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығы ұйымдастыратын сайыстарға апарып жүрмін. Жыл сайын біздің мектептің оқушылары шаңғы жарысы мен хоккейден облыс чемпионатының жүлдегерлері атанады.

Фотоға түсірген Марат ТАКУЛИН

***

Бокс

Ақтауда бокстан жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында атыраулықтар Әлихан Сембай (54 келіге дейін) мен Сәлімжан Сәлімгереев (63 келіге дейін) алтын алқа иеленді. Бұл туралы Қазақстандық Бокс федерациясы хабарлады.

Турнирге бүкіл ел өңірінен келген 15-16 жастағы 160 боксшы қатысты. Алты жасынан бастап бокспен айналысып келе жатқан және үлкен үміт күттіретін Петропавлдан келген афроқазақстандық Джозеф Окароның сайысы ерекше қызығушылық тудырды. Бұл чемпионатта да ол алтын алқаға қол жеткізді. 

***

Греплинг

Атыраулық палуан Тальха Хисмет Алматы қаласында No-Gi ADCC нұсқасы бойынша грепплингтен өткен ашық чемпионатта күміс алқа иеленді. 

45 келіге дейінгі салмақта 12-14 жас тобында Тальха үш жекпе-жек өткізді. Алдымен ұпай бойынша Алматы өкілін ұтты, содан кейін тұншықтыратын тәсілді қолданып, уақытынан бұрын қарағандылық спортшыны жеңді. Финалда біздің спортшы ұпай бойынша Алматы облысының өкіліне жол берді. 
Өткен жылы Тальха грепплинг бойынша ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Оның бапкері Нұрлыбек Даралиевтің айтуынша, баланың болашағынан көп үміт күтуге болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ







2 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.