Атырау, 20 сәуір 18:40
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Трамп еңбек нарығында ЛГБТ өкілдерінің құқығын қорғауға уәде берді

1 577 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамп жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын олардың жұмысқа орналасуы кезінде қорғауға уәде берді. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Трамп 2014 жылы шыққан федералдық билік органдары қызметкерлерін ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) өкілдеріне қарсы кемсітушіліктен қорғайтын жарлықты өзгертпейді,- деп хабарлады Азаттық.

Құжатта Трамптың "барлық америкалықтың, оның ішінде ЛГБТ қауымдастығының құқығын қорғауға ниетті" екені және "сайлау кампаниясы кезіндегідей ЛГБТ өкілдерінің құқығын құрметтеп, қолдай беретіні" айтылған. АҚШ-тағы ЛГБТ өкілдері Трамп билікке келген соң өз құқықтарының қорғалуына қатысты алаңдаушылық білдіре бастаған.

Дереккөз: Азаттық

1 ақпан 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.