Атырау, 19 сәуір 21:38
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Біз қиын жолдарды артта қалдырдық...»

2 345 просмотра
Фото: "Бейбарыс" ХК


«Бейбарыс» Атырау хоккей командасы өз қоржынын Еуропа Континенталды кубогының күміс алқасымен толтырды. Бұл бүгінгі күні қазақстандық хоккей тарихындағы үздік халықаралық жетістік.

Италияның Ренон қаласында өткен беделді еуропалық турнирдің суперфиналына төрт команда: біздің «Бейбарыс», «Риттен Спорт» (Италия), «Ноттингем Пантерз» (Англия) және «Оденсе Бульдогз» (Дания) шықты.

Бірінші матчта атыраулық хоккейшілер итальяндықтарға хоккей айыпсоққыларымен жол берді. Келесі күні олар «Ноттингеммен» кездесіп, қайтадан негізгі уақыт тепе-тең аяқталды. Ал ағылшындардың айыпсоққылар сериясында жолы болды.

Даниялықтарға қарсы қорытынды ойында «Бейбарыс» матч барысында 0:2 есебімен жол берді. Бірақ алдымен есепті теңестіруге қол жеткізіп, овертаймда бәсекелесінен үстем түсті. Нәтижесінде, Континенталды кубоктың «күміс» алқасын алды. Жеке жетістіктері де бар: біздің Альберт ВИШНЯКОВ турнирдің үздік шабуылшысы, ал Дмитрий СТЕПАНОВ үздік қорғаушысы атанды.

Александр ИСТОМИН.

- Мұндай деңгейдегі турнирде екінші орын алу әжептәуір жақсы нәтиже деп есептеймін, - дейді «Бейбарыстың» бас бапкері Александр ИСТОМИН. – Алғашқы екі матчта біз негізгі уақытта ұтылған жоқпыз, қорытындыны буллиттер (айыпсоққылар) сериясы шешіп берді. Әрине, сәттіліктер жеткіліксіз болды, бірақ буллиттерді лотерея деп есептемеймін. Бұл жерде шешуші сәтте салқынқандылықпен келетін шеберлік те қажет. Үшінші матчта «күміс» алу үшін ұту керек болды. Осы жерде жігіттер ерледі: сиренаға 14 секунд қалғанда есепті теңестіріп, содан соң овертаймда 20-сыншы секундта шайба соқты.

…Әрине, азғана түйткілдер қалды, өйткені біз Суперфиналға қиындықтармен жеттік. Кубок та жақын болатын. Егер бірінші орын алған болсақ, келесі жылы Чемпиондардың Хоккей лигасында ойнар едік. Ал ол анағұрлым жоғарғы деңгей. Бірақ, бұл бізге жақсы тәжірибе болды. Бұл Қазақстан хоккейі үшін үлкен жетістік.

- Бұл бүкіл команданың еңбегі екені түсінікті. Дегенмен де, қай ойыншыларды атап өтуге болады?

- Дмитрий Степановтың ойынында ілгерілеу байқалады, ол Континенталды кубоктың үздік қорғаушысы атанды. Дмитрий тұрақтылыққа ие болды, белгілі бір (өте жоғары) деңгейден төменге түспейді. Қақпашымыз Артем МИКУШИНДІ атап өтпеске болмайды. Оған Адам СВОБОДАНЫҢ зақымына байланысты шұғыл арада қақпаға тұруына тура келді. Артем өте сенімді ойнады. Кей жерлерде команданы алып шықты. Қазір оған серіктестерінің сенім артатындығы байқалады, ал бұл голкипер үшін өте маңызды. Шынын айтқанда, оны және Дмитрий Степановты Қазақстан құрамасының бапкерлері қысқы Универсиадаға қатысуға шақырады деп ойлаған едім. Өкінішке орай, олар үміткерлер тізіміне ілікпеді, бірақ, бұл бапкерлердің алдына қоятын сауал.

- Континенталды кубоктан кейін ел чемпионатына ауысу оңай болмаған шығар...

- Командамыз Италиядан жақсы әсермен оралды. Жігіттер еуропалық турнирдің артта қалғанын, енді ішкі чемпионатта, соның ішінде, Континентаралық кубокке қайта қатысу үшін лайықты ойын көрсету керектігін жақсы түсінеді.

- Қандай жоспарларыңыз бар?

- Қазір Универсиадаға байланысты чемпионатта үзіліс орын алды. Жаттығып, алдағы ойындарға әзірленеміз. Мақсатымыз - чемпион болу.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті «Бейбарыс» ХК ұсынды

31 қаңтар 2017, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.