Атырау, 29 наурыз 05:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тонаушыларға үш жарым жылдан берді

1 982 просмотра

Мақат аудандық соты Доссор кентінің үш тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау») үкім шығарды.

Оқиға өткен жылдың күзінде орын алған. Ішімдікке сылқия тойған 30-35 жас аралығындағы жергілікті тұрғындар түнде Құлсары-Доссор тас жолының бойында келе жатқан «Фольксваген Раптор» автокөлігін тоқтатып, алдына өздерінің мініп жүрген «Лада Калина» автокөлігін көлденең қойып қояды. Кейін машинадан түскен үшеу өздерінің осы ауылдың жағдайын қарап отырғанын айтып, ақша талап ете бастайды. Олар жәбірленушінің әмиянындағы 25 мың теңге мен 15 300 рубльді қалталарына басып алып, бой тасалап қашып кетеді.

- Аталған тұлғалар өздерінің кінәларын толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтырып және онымен татуласуына орай процессуалды келісім жасалды, - деді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Мақсат ШАРИПОВ. - Сот үш тұрғынды 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостанығынан шектеу жазасын тағайындады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 қаңтар 2017, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.