Атырау, 29 наурыз 05:27
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Пәтер температурасы 20 градустан асса, талап қабылданбайды

3 058 просмотра

Жылу маусымында «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ына 86 шағым түсті, оның 66-сы жылыту бойынша және 20-сы ыстық сумен қамту бойынша. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ хабарлады.

Бас жылу берушінің айтуынша, 49 жағдайда тексеру жұмыстары бәрінің қалыпты жағдайда екенін, 35 жағдайда шағым түскеннен кейін жылумен қамту қалпына келтірілгенін және екі жағдайда себептері анықталғанын көрсетіп отыр. Бірақ, жылу берушілердің құзырынан тыс болғандықтан бұл олқылықтарды жою мүмкін болмаған.

Егер проблемалардың себебі жылумен және ыстық-салқын сумен қамтуға қатысты болса, яғни, нысанға кірер ауызда арыны жеткіліксіз немесе су температурасы төмен болса, біз мұны түзетуге міндеттіміз. Алайда, бірқатар жағдайда біздің қызметкерлеріміз қандай да болмасын жұмыстарды жасауға құқылы емес. Айталық, егер пәтер іші жылу өте көп ысырап болғандықтан суық болса, пәтер немесе жалпы үй жылыту материалдарымен қапталмаса, жылу тұрбалары немесе жылыту батареялары бітеліп қалса, үй жүйесі «ауаланған» болса, тікқұбырда жылыту батареяларының қосымша секциялары рұқсатсыз орнатылған болса және тағы басқа, - дейді Н.Шамшатов. 

Қазір норма бойынша тұрғын орынжайдағы ауа температурасы 20 градустан төмен болмауы тиіс (2000 жылға дейін 18 болды). Егер шағымды тексеру кезінде пәтердің температурасы 20 градустан төмен болмаса, онда талап қабылданбайды. Ондай жағдайда тұтынушы баспанасын өзі жылытуы тиіс. Шамшатовтың айтуынша, тағы бір жиі кездесетін себеп, үйлердің жылытылмаған подъездері мен баспалдақ алаңдары. Жобалау нормалары бойынша бұл жерде жылыту элементтері орнатылуы тиіс. Алайда, Атырауда бұл жабдықтардың барлығы кезінде жарамсыз күйге түсіп, алынып тасталған.

Тұтынушылардың шағымына жасалған талдау жұмыстары негізінен пәтер мен жалпы үйдегі жылу жүйесінің техникалық ахуалы нашар болғандықтан жылудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Ал бұл ПИК құзырындағы мәселе. Бірақ, адамдар тікелей біздерге шағымданады, - деп қынжылыс білдірді Шамшатов.

Ол, сонымен қатар, биылғы жылғы кәсіпорын 21 км құбырды ауыстыруды, 30 км изоляцияны жөндеуді, төрт орталық жылу қосынын күрделі жөндеуді, 46 жылу қосындарындағы электр жабдықтары мен бақылау-өлшеу аспаптарына тексеру жүргізуді жоспарлағанын айтты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 қаңтар 2017, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.