Атырау, 28 наурыз 15:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қозғалысты шектеу туралы

2 238 просмотра

Атырау қаласының әкімдігі 27 қаңтарда қала көшелерінің кей жерлерінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатындығы туралы тұрғындарға ескертеді.

Бұған Алматыда Дүниежүзілік қысқы Универсиада шеңберінде Қазақстанның бірқатар қалаларында өтетін Алау эстафетасы себеп болып отыр. 27 қаңтарда Атырауда бірнеше көшеде көлік құралдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Сағат 09.30-дан 11.30-ге дейін Амандосов көшесінің бойымен (АтМжГУ-дан бастап) – Амандосов пен Баймұханов көшелерінің қиылысына дейін;

Баймұханов көшесінің бойымен – Баймұханов пен Махамбет көшелерінің қиылысына дейін;

Махамбет көшесінің бойымен – Махамбет пен Абай көшелерінің қиылысына дейін;

Абай көшесінің бойымен (драма театрға дейін);

Сағат 11.30-дан 13.00-ге дейін Абай көшесінің (драма театрдан бастап), орталық көпірдің, Сәтпаев даңғылының бойымен Құрманғазы көшесінің қиылысына дейін, сонымен қатар Студенческий даңғылының бойымен.

Басқа маршруттар бойынша көлік қозғалысы ашық болады. Зульфия БАЙНЕКЕЕВА 

26 қаңтар 2017, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.