Атырау, 19 сәуір 13:55
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 000 просмотра

Футбол

Қорғаушы Антон Чичулин «Атырау» футбол командасына қайта оралды. Бұдан бұрын 2015 жылдың маусымында ол «Атырауда» 29 матч ойнаған болатын.  

Антон Астана футболының түлегі. Ол «Жеңіс» (кейінірек – «Астана»), «Ақтөбе», «Ертіс», түріктің «Гиресунспор» командаларында ойнады. Соңғы жұмыс орны – көкшетаулық «Оқжетпес» командалары болды.

* * * * *

«Атырау» ФК 24 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Йован Джокичпен келісімшарт жасады. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.

Джокичтің ойын амплуасы – тірек жартылай қорғаушысы. Ол, сонымен қатар, орталық қорғаушы позициясында да ойнай алады. «Атырау» ФК-на ауысқанға дейін сербиялық «Рудар» және «Явор» командаларында ойнады. 

*****

Таеквондо

Таеквондодан Арман Шылмановтың сыйлығына арналған халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлер үшін рейтингілік мәртебе алды.

Бұл туралы облыстық таеквондо федерациясының президенті Арман Тоғаев хабарлады:

- Бұл жаңалықты біз Дүниежүзілік таеквондо федерациясындағы (WTF) әріптестерімізден естідік. Олимпиада-2008 қола жүлдегері Арман Шылмановтың сыйлығына арналған, Атырауда өтетін жыл сайынғы халықаралық «Kazakhstan Open» турнирі G1 санатын алды. Бұл Олимпиадаға қатысу үшін рейтингілік ұпайлар сынағына жазылатын турнирдің ірі сайыстар тізіміне кіретінін білдіреді. Атырауға мықты таеквондошылар келетін болады. Жекпе-жектер мазмұндылығы арта түспек. А.Тоғаевтың айтуынша, биыл «Kazakhstan Open» турнирі «Атырауда» 15-16 сәуірде өтеді. Естеріңізге салсақ, «Kazakhstan Open» турнирінің алғашқы туры өткен жылдың маусым айында өтті.

*****

Бильярд

«Әсел» бильярд клубында «Динамикалық пирамида» бойынша Ф.Бисеновтың рухына арналған турнирдің алғашқы туры өтті. Турнирге бүкіл Батыс Қазақстан мен Алматыдан мықты деген 53 бильярдшы қатысты. Тур нәтижесі бойынша 3-орынды ақтөбелік Қуаныш Мананков пен атыраулық Михаил Ли, 2-орынды ақтаулық Мирас Сақтағанов, 1-орынды ақтөбелік Азат Түменов алды. «Еркін пирамида» бойынша екінші тур мамырда, үшінші тур қыркүйекте өтеді. Финал 2017 жылдың желтоқсанында болады. Оған үш турдың рейтингі бойынша 16 үздік ойыншы қатысады.




26 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.