Атырау, 25 сәуір 06:19
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ТГИЛ содырлары Сириядағы Т-4 әскери-әуе базасын шабуылдады

Бейнежазба
1 844 просмотра

Сирияның Хомс провинциясында «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» содырлары Т-4 әскери-әуе базасын шабуылдады. 

Бұл туралы бейнетаспаны лаңкестер өздеріне қарасты ақпарат агенттік арқылы таратқан. 

Соңғы мәліметке қарағанда, бұл аймақта үкімет әскері экстремистерге қарсы шабуылға шыққан. Бірақ өңірдің шығыс бөлігіне көрші Мосулдан 300-ге жуық содыр көмекке келген. Ал Ресей ұшақтары ұрыс жүріп жатқан Дейр-эз-Заур қаласына әуеден соққы берді. Соңғы бомбалаудың нәтижесінде содырлардың шаһардағы бір қару-жарақ қоймасы талқандалған. Сарбаздар 150 лаңкестің көзін жойған. Қазір әскерилер қаладан оңтүстік пен оңтүстік-шығысқа қарай созылған жерді бақылауына алған.


Дереккөз: 24.kz

25 қаңтар 2017, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.