Атырау, 20 сәуір 03:22
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырау полициясына арналған 100 көлік

Сурет Бейнежазба
4 134 просмотра

 

Атырау облыстық ІІД автопаркі кеше жаңа жүз көлікпен толықты.

Жергілікті полицей қызметі облыстық қазына қаржысы есебінен 100 көлік алды. Соның ішінде автоэвакуатор мен үш «автоураган» кешені бар. Бұл жүйенің арнайы кешендері автотрафикті бақылау, жол қозғалысы ережесін бұзушылықты тіркеу, сонымен қатар, іздестіру шаралары үшін қолданылады. Олар автокөлік ағымынан қатты ластанған және зақымдалған нөмір белгілерін тануға, жылдамдық режимінің артқанын анықтауға қабілетті.

«Автоураган» экипажы үшін дерекқор үнемі ашық болады. Бұл шынайы уақыт режимінде монитордан өтіп бара жатқан ереже бұзушылар туралы мәліметтерді көруге мүмкіндік береді. Полицейлер көліктердің бірінің рөлінде жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамның отырғанын анықтап, бұл мүмкіндікті журналистерге көрсетті.

Жолдарды тексеру үшін «Поло» мен «Нива» маркалы көліктер таңдалды. Бүкіл машиналар жарақталған бейнетіркегіш инфрақызыл жарыққа және максималды (360 градусқа дейін) шолу бұрышына ие. Ол ұялы байланыс әрекетінің шегінде жұмыс істейді. Полиция өкілінің айтуынша, мұндай бейнетіркегіштер қараңғы уақытта да тиімді.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА «бұл Атырау полициясы автопаркінің тарихындағы ең ірі толығу» деп хабарлады. Автокөліктердің жалпы құны 500 млн теңгеден асады. Өткен жылы жоба мақұлданып, оның бюджетін облыстық мәслихат депутаттары бекіткен болатын.

Жаңа көліктер Атыраудағы және облыстағы тозығы жеткен қызметтік көліктерді алмастырады.


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

24 қаңтар 2017, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.