Атырау, 20 сәуір 04:41
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Альпинистерді» құдай қолдасын

Сурет
2 046 просмотра

 

Редакцияға ер адам хабарласып, журналистерден жағалау бойымен серуендеп, оның жағдайы мүшкіл екеніне көз жеткізуді қолқалап өтінді. Бұл оқырман суға түсетін баспалдақты (пирс) меңзеп отыр.

Бұдан соң мен Шоқыну мейрамында шомылған адамдарды фотоға түсіруім керек болды. Сол кезде оқырманның айтуы дұрыс екенініне көз жеткіздім. Судан құтқару қызметінің кеңсесі маңындағы ойықтарға бара жатып, баспалдақтағы сатылардың үгітіліп сынғанын, ал аяқ қоятын жерлердің мұз боп қатқанын байқадым. Аяғымды сындырып алмас үшін тепе-теңдігімді сақтап, дер кезінде секіріп үлгердім. Сол күні құдай мені мықтап сақтады.

Менен кейін аһылап, үһілеп, эквилибристиканың ғажайыптарын көрсетіп, православиеліктер мен басқа да өкілдер баспалдақтан төмен түсе бастады. Содан кейін мен крест жорығын бастап келе жатқан жігіттер үшін уайымдадым. Олар үшін дұға оқуға әзір едім. Әйтеуір, бәрі аман-есен өтті-ау. Бірақ, көңілде кірбің қалып қойды.

Осыдан кейін жағалау бойымен өз рейдімді жалғастыруды ұйғардым. Жилгородоктан бастадым. Ол жақтан қалалық бақ жаққа қарай жүрдім. Ең алдымен пирске тірелдім, оның жанында «сақ болыңыз, мұз жұқа» деген жазуы бар тақта тұрды. Қалжыңның түрін-ай деп ойладым. Өйткені, пирс металл қоршаумен ішінара ғана қоршалған. Кімде кім құласа, пәледен құтылмасы анық. Әдемілеп соғылған торды вандалдар сындырып, өзенге лақтырған. Дегенмен, шолу алаңының көпшілігі осы кепті киген.

Баспалдақтардың жағдайы мүлдем нашар. Баспалдақ сатыларының тозғаны сондай, альпинистік құрал-саймансыз мұзға түсу өте қиын. Мен қолдың көмегінсіз өз аяғымен осы трюкті жасаған адамға қол шапалақтар едім. Баспалдақ таяныштары туралы, дәлірек айтқанда, оларды жобалаған адамның жүзіне қарағым келетінін бөлек айтқым келеді. Олардың төмен орналасқаны сондай, түк пайдасы жоқ.

Сол күні балықшылармен таныстым. Олар уһілеп, балағаттап, мұздан жоғары қарай арқанмен өрмелеп шыққан кезде әңгімеміз үйлесе кетті. «10 жылдан бері ештеңе жөнделген жоқ, ұят, масқара» деп наразы болған олар қармақтар салынған қораптарын арқаларына салып, тазартылмаған жағалау бойымен үйлеріне қарай беттеді. Жалпы, бұл көрініс қарын аштырды. Жағалауды қаланың көрнекті жері деп атауға ауыз бармайды. Әр жерде қоқыс толған, жағалауды бекітетін плиталар көп жерде шытынап жарылып, төменге қарай жылжып түсіп кеткен. Біз қалалық әкімдікке тиісті сауалдар жолдадық.

Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

24 қаңтар 2017, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.