Атырау, 24 сәуір 17:16
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Димаш Құдайбергенов: Мен қазақтың Витасы емеспін

4 180 просмотра

Қытайда «I Am a Singer» байқауында бақ сынап жатқан жас әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды өтінді. Бұл туралы ол инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қайырлы кеш, достар! «Қазақтың Витасы», «Витас сияқты айтады», «екінші Витас» деген сықылды маған айтылған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен «екінші Витас» емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..»,- деп жазған жас әнші.

Байқаудың келесі кезеңінде отандасымыз Қытайдың өнерсүйер қауымын Витастың «Опера2» әнімен тәнті етпек. Айтуынша, бұл әнді байқаудың режиссерлері таңдапты.

«Келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі әні «Опера 2» шырқамақпын! Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел будым! Қалай болатынын бағалай жатарсыздар!», - дейді ол.

Келесі кезең 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те болады. Ән байқауын Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар.

Дереккөз: Baq.kz

24 қаңтар 2017, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.