Атырау, 20 сәуір 21:32
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Головкин мен Сондерс жазда Қазақстанда жұдырықтасады - БАҚ

2 183 просмотра

Фото: © Round By Round Boxing

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және осы салмақтағы WBO белбеуінің иегері ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО)  жазда Қазақстанда жұдырықтасуға келісті. Бұл туралы Boxing Legends TV интернет-арнасының Twitter желісіндегі парақшасы хабарлап отыр.

Арнаның мәліметінше, олардың жекпе-жегі Қазақстанда өтеді. Боксшылар барлық шартпен келісіп отыр екен. 

"Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қарсы, жекпе-жек Қазақстанда өтеді", - делінген Boxing Legends TV арнасының парақшасында. Айта кетейік, GGG қазірде Сондерстің иелігіндегі WBO белбеуін алса, орта салмақтағы барлық титулдың басын біріктіреді.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Дереккөз: Tengrinews.kz

24 қаңтар 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.