Атырау, 20 сәуір 18:57
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Сирия жөніндегі келіссөзден Астана не ұтады?", "Шығыс Қазақстан билігінде Ресей азаматы неғып жүр?", "Мәсімовті келешек билік транзитінің "модераторы" деп атайды​", "Ердоғанның «тізгіні» Путиннің қолында", "Зейнетақы қоры бақуатты қарттықтың кепілі ме?"

1 943 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сирия жөніндегі келіссөзден Астана не ұтады?" - Сирия жөніндегі келіссөздер қалай аяқталады және Астанаға одан қандай пайда бар? AzattyqLIVE осы тақырыпта бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаевпен сұхбаттасты.

"Ақтауда аштық жариялағандарды билік жазаға тартты" - Ақтауда тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясын тіркеуді талап еткен аштық акциясын тоқтатты. Оған қатысқан 15 адамға сот айыппұл салды. Кәсіподақ лидерлері Астанаға жеткізіліп, абақтыға қамалды.

"Мәсімовті келешек билік транзитінің "модераторы" деп атайды" - Қазақстанның жоғарғы билігіндегі ауыс-түйістерді талдаған әлем баспасөзі билік транзиті сөзсіз болатыны жайлы жазып, Өзбекстан тәжірибесімен салыстырған. Шетелдегі, оның ішінде Қазақстан да бар, коррупцияға қатысты айыпталған британдық Rolls-Royce компаниясына салынған миллиондаған айыппұл туралы тақырып та қозғалған.

365INFO.KZ. "Шығыс Қазақстан билігінде Ресей азаматы неғып жүр?" - Редакцияға хат келіпті. Біз бұл ақпараттың анық-қанығын растай алмаймыз. Бірақ, мұндай хатты себепсіз жібермейді ғой. Шығыс Қазақстанға қатысты хат екен. Осы өңірдің басшысы Даниал Ахметов жазылған жайдан хабарсыз болса керек. Сондықтан жариялап отырмыз. Сонымен хатта не делінген?

ABAI.KZ. "Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда не айтты?" - Қазіргі кезеңдегі дүбірлі дүниеде әлемдік қауымдастықтың болмысы мен келбеті, адамзат баласының тыныс-тіршілігі мен іс-әрекеті, мінез-құлқы жыл санап, ол аз десеңіз, тіпті ай мен күн сайын күрт өзгеріп жатқандығына қапысыз көз жетуде. Әттеген-айы, жаратылғалы бері құт мекеніне айналып ортақ өмір сүріп жатқан жұмыр жер бетіндегі халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ арқылы ырысқа, бейбітшілік мұратымен берекеге бастауы емес, керісінше, жаға жыртысқан жанжалға, мағынасыз талас-тартысқа, ең ауыры, ешбір жазығы жоқ бейбіт адамдардың құрбандыққа шалынып, қисапсыз жапа шегуіне алып келуі ұлғайып барады.

""Astana Process" үміттен күдік басым" - Астанада өтіп жатқан халықаралық бітімгерлікке бағытталған "Astana process" келіссөздері барысында сөз сөйлеген Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми хатын оқып берді. Ал Астанадағы жиынға келген шетелдік делегаттардың дені бүгін алты жылға созылған қанды қасаптың доғарылуынан үмітті екендіктерін білдірді.

"Көп тілді үйретудің... берері мен безері" - Қостілділік дегеніміз - «адамның екі тілдің көмегімен қарым-қатынас жасауы» (Михайлов М. М. Двуязычие. Чебоксары, 1968, 3-бет), яғни адамдардың қоғамдық өмірде ана тілімен бірге басқа да шет тілінде сөйлеу құбылысы. Ал көптілділік – екіден көп тілдерде түсінісу.

QAMSHY.KZ. "Ердоғанның «тізгіні» Путиннің қолында" - «Қамшы» порталының поштасына төмендегідей мақала келіп түсті. Түркиялық БАҚ-тан аударылған мақала Түрік президенті Ердоғанды ДАИШ-қа қолдау білдіріп отыр деп айыптайды. Qamshy.kz сайты — еркін ой алаңы, ашық талқы мінбері екенін ескерте отырып мақаланы жариялауды жөн таптық. Келіспейтін тұстарыңыз болса, үн қатыңыз құрметті оқырман!

"Сирия шиеленісі бойынша бітімгерлік келісімі неге Астанада өтеді?" - Сириядағы соғыста ұзақ уақыт күтілген атысты тоқтатуға қол жеткізілді әрі тараптар кең форматта Келіссөздер үстеліне отыруға келісті. Ұзаққа созылған қанды соғыстың аяқталуы үшін шешім жолдарын талқылауға бұл жолы тек қана тіке емес жанама жолдармен қақтығысқа тосқауыл болған тараптар Қазақстанның астанасы Астанада жиналуға дайындық жасады. Бітімгерлік кездесуінің Астанада өтуінде болса маңызды себептер бар.

TURKYSTAN.KZ. "Жат құрсақты «жалға» алса…" - Жуырда шетелдік БАҚ әлемдегі ең кәрі суррогат ана атанған грекиялық әйел жайлы жарыса жазды. 67 жасар Анастассия Онтоу ұзақ уақыт бойы бала көтере алмай жүрген қызына қыз туып берген. Мерзімінен бұрын кесарь тілігі арқылы дүниеге келген нәрестенің салмағы бар-жоғы 1 келі. Анасының суррогат ана болу ұсынысын әу баста дұрыс қабылдамай, кәрі шешесін есінен адасты деп ойлаған қыз кейіннен райынан қайтып, амалсыздан көніпті. Ақырында кейуана өз немересін аман-есен дүниеге әкеліп, қаһарман әже атанды. Өкінішке қарай, «жалдамалы» құрсақтың  көмегіне жүгінетін ата-аналар біздің елімізде де көбейіп келеді.

"Қазақ баласына қазақы ойыншық керек" - Әр отбасының бақыты – балалар үшін ойыншықтардың маңызы зор. Ойыншықтар балдырғандардың дүниетанымын қалыптастырып, қабілетін шыңдауға көмектеседі. Десек те, кей уақытта сол ойыншықтардың бүлдіршіндерге кесірін тигізетін сәттері де кездесіп жатады. Жас ұрпақтың келешегіне алаңдайтын кез келген мемлекет мұндай жағдайға бейжай қарамайтыны сөзсіз.

EGEMEN.KZ. "Әлемдік экономиканың биылғы беталысы қалай болмақ?" - Әлем экономикасы бойынша 2017 жылғы нақты ІЖӨ өсімі 2,7 па­йызды құрамақ. Ал Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 2,2 пайыз болады деп күтілуде. Бұл Дүниежүзілік банктің болжамы.

"Зейнетақы қоры бақуатты қарттықтың кепілі ме?" - «Жас кезінде – бейнет, қартайғанда – зейнет» тілейтін біздің халық үшін қартайғанда бақуатты болудың бір жолы – лайықты зейнетақы алу. Арқа етің арша, борбай етің борша болып төккен тердің өтеуін көруге әркім де мүдделі. Зейнетақыға қатысты кез келген жаңалық жұртшылықты жалт қарататыны да осыған байланысты. Өткен аптада «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева бір үлкен мәселенің шетін шығарған еді.

ҚАЗТАГ. "Қазақстан экономикасы үшін тауық жылы мешін жылынан жақсы болар ма екен?" - Өткен жыл экономикалық өсуі жағынан Қазақстан үшін өткен 18 жылдағы ең нашар жыл болды. Бірақ басталған тауық жылы өткен мешін жылына қарағанда біздің республика экономикасы үшін жақсы жыл болады деп ойлауға толық негіз бар. Бірақ сан жағынан емес, сапа жағынан алсақ, ол бұрынғыдан да нашар болуы әбден мүмкін.

DALANEWS.KZ. "Байларымыз араб елінде виллалар салып, ақшасын Англияда сақтапты" - Заңдастыру акциясы аяқталды. ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов заңдастыру қорытындысы туралы айтып берді. Нәтижесін сәтті деп атауға болады ма? Сенім ақталды ма? Қазақстандықтар қай елде мүлік сатып алады және осы «көлеңкелі» ақшаны жасырады? Бұл туралы BNews.kz  ақпарат агенттігіне ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің жедел мониторинг басқармасының басшысы Сағынаев Ерлан баяндап берді.



23 қаңтар 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.