Атырау, 24 сәуір 17:56
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Порошенко: Мерзімінен бұрын сайлауға жол бермейміз

2 419 просмотра

Украина президенті Петр Порошенко "Киев пен Мәскеудегі кейбір саясаткерлер" Украинада тұрақсыздық орнату үшін елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді ұйымдастырып жатқанын мәлімдеді.

22 қаңтарда Украинада Бірігу күні құрметіне орай сөйлеген Порошенко мұндай әрекеттерге барлық заңды тетіктермен қарсы тұратынын мәлімдеді. Украина президенті сонымен қатар Киевтің конституцияға Донбастағы "қауіпсіздік" мәселесі шешілмейінше өзгерістер енгізбейтінін де жеткізді.

"Күрделі диалогта біз батыстық одақтастарымызды қақтығысты саяси жолмен реттеуде кез-келген қадам жасамас бұрын қауіпсіздік мәселесінде едіуір алға ілгерілеушілік болуы тиіс екеніне көзін жеткіздік" деді Порошенко.

Ол сонымен қатар Украинадағы Донбастан бас тарту идеясын қолдайды деп санайтын саяси күштерді сынады. Порошенконың сөзінше, украиндықтарда ата-бабалары қорғап қалған территорияларды "таратып беру" құқығы жоқ.

Дереккөз: Азаттық

23 қаңтар 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.