Атырау, 19 сәуір 20:33
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«ИМ» Машариповқа Ыстамбұлдағы теракт үшін үш әйел сыйлаған

1 573 просмотра

«Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы Ыстамбұлдағы Reina түнгі клубында теракт жасаған Өзбекстан азаматы Абдулқадыр Машариповқа (суретте) үш әйел сыйлаған. Бұл туралы түріктің «Хурриет» («Hurriyet») басылымы хабарлады.

centralasian.org-тың хабарлауынша, түрік полициясы 16 қаңтарда ысамбұлдық Эсенюрт ауданындағы пәтерде Машариповпен бірге үш әйелді ұстаған. Олар – сенегалдық Дина А., ирактық Әли Джамиль Мұхаммад және сомалилік Айша М. Машариповтың полицияға мәлімдеуінше, ол үш әйелмен де некеге отырған.

Пәтерден екі тапанша, 197 мың доллар, дрон және SIM-карталар тәркіленген. Түрік полициясы ақшаны Ысамбұлдағы теракт жасағаны үшін Машариповке төлеген болу керек деп топшылайды.

Тергеу кезінде Машарипов жаңа жыл түні стамбулдық «Таксим» алаңында шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындады. Бірақ алаңда қауіпсіздік шаралары күшейтілгендіктен, ол түнгі клубты шабуылдаған.

«Reina шабуыл жасауға ыңғайлы орын болды, бірақ клубтың іші қандай екенін мен білмейтінімді хабарладым. Раккадағы «әмір» маған клубтың ішкі көрінісі бейнеленген видео жолдады. Мен оны бірнеше мәрте көрдім. Ішкі жоспарын зерттеп алған соң, мен қаруымды алып Зейтінбұрын ауданында шабуыл жасадым», - деген Машарипов.

Қарулы шабуылдан соң Машарипов Раккадағы «ИМ» содырларымен байланысқа шыққан. Оның айтуынша, бұйрық берген «әмір» оның Түркиядан қашуына көмектесуге уәде берген. Дегенмен, Машарипов ел аумағынан шығып үлгермеді. Ол Ысамбұл сыртындағы Эсенюрт ауданында арнайы операция барысында ұсталды.

Дереккөз: Baq.kz

23 қаңтар 2017, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.