Атырау, 23 сәуір 18:07
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Вашингтонда президент Трампқа қарсы жаппай шеру өтпекші

2 420 просмотра

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызметіне ресми кіріскеннен кейін сенбі күні Вашингтонда жаппай шеру өтіп жатыр. «Вашингтонға әйелдер шеруі» атты наразылық акциясына 200 мыңға жуық адам қатысады деген болжам бар. Наразылық шеруіне азаматтық белсенділер, саясаткерлер, құқық қорғаушылар мен мәдениет қайраткерлері және қатардағы азаматтар қатыспақшы,- деп хабарлады Азаттық.

Демонстранттар әйелдер, жыныстық және ұлттық азшылық топтар өкілдерінің құқықтарын қорғауды талап етіп, сонымен бірге полиция тарапынан зомбылық әрекеттеріне қарсылық білдірмекші.

Жұма күні АҚШ-тың 45-президенті Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін Вашингтонда наразылық білдіріп шеруге шыққан 200-ден астам адамды полиция ұстаған. Қала көшесімен шерулетіп жүріп өткен демонстранттар жол-жөнекей кездескен дүкендер мен автокөліктердің әйнектерін сындырған. Олар Трамптың әйелдер мен әлеуметтік азшылық құқықтарына, ғаламдық проблемаларға деген пікір-көзқарасына қарсылық білдірген.

Трампқа қарсы шерулер Еуропаның бірқатар қалалары мен Мексикада да өткен. Ақ үйдің жаңа әкімшілігі бұған дейін Мексикамен арадағы шекара бойында дуал тұрғызуға уәде еткен болатын.

Дереккөз: Азаттық

21 қаңтар 2017, 21:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.