Атырау, 23 сәуір 16:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Құлсарыда тауар қоймасы өртенді

Сурет Бейнежазба
3 926 просмотра

Бүгін күндіз Құлсары қаласындағы тауар қоймасынан өрт шықты.

Тауар қоймасы балабақшаның қасында орналасқан. Редакцияға жолданған бейнежазбада ата-аналар өз балаларын алып кетіп бара жатқандығы көрінеді. Қою түтіннен балабақша ғимараты көрінбейді.

- Жалын жеке кәсіпкердің тауар қоймасынан шыққан. Өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, адамдар арасында зардап шеккендер жоқ, - дейді Жылыой аудандық ТЖ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ербол ҚАДЫРАЛИЕВ. - Ал қоймаға жақын орналасқан балабақшадағы балалар мен қызметкерлер эвуакацияланып, үйлеріне жіберілді.



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қаңтар 2017, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.