Атырау, 29 наурыз 01:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Аула маршруты

1 855 просмотра

Суретті "АЖ оқырманы жолдады.

Сәтбаев даңғылы №34 үйдің тұрғындары көшеде көліктер кептелісі орын алған кезде олардың аулалары кептелістен қашқан көліктер мен автобустардың жүргінші жолына айналады деп шағымдануда.

"Мына суретті редакцияның WhatsApp нөміріне біздің оқырманымыз жолдаған екен: аулаға 14 маршрут деген нөмірі бар үлкен «Икарус» автобусының кіріп келе жатқандығы анық көрініп тұр.

- Осы маршрутқа қызмет көрсетуші фирманың қожайындары жүргізушілердің маршруттың жол парағындағы көрсетілген бағытынан ауытқымауын бақылап отыруға міндетті. Біз өз тарапымыздан жол ережесінің бұзылғандығы туралы хаттама толтыра аламыз, алайда, біз оның қай уақытта болғанын біліп, ауланы тексеруіміз керек, - дейді қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ерлан БИҒАМБАЕВ. Оның айтуынша, мұндай заң бұзушылық бойынша қалалалықтар бірінші рет шағымданып отыр. Әдетте, автобус жүргізушілері үшін жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кету, аялдама жоқ жерлерге тоқтау секілді заң бұзушылықтар тән болатын.

№14 маршрут бойынша қызмет көрсетуші «АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Мақсот СҮЙІНОВ автобус жүргізушісінің тұрғын үй ауласына қандай себеппен кіргендігін түсіндіріп беруге уәде етті:

- Бәлкім сол кезде Сәтбаев даңғылы жабық болған немесе өте тығыз кептелісте қалған болар. Әрине, кептеліс орын алғанда автобустар маршруттарын өзгертуге тиісті емес. Өкінішке қарай, қазір автобустарға орнатылған GPS жүйесі уақытша қосылмай тұр. Сол себепті біз маршруттардағы жағдайларды бақылай алмай отырмыз.

Айта кету керек, қалалық ТКШ бөлімінің жанынан «Смарт Атырау» ҚМБ (қазыналық мемлекеттік басқарма) құрылуына байланысты GPS чиптік деңгейі бойынша тексерілуде. Олар автоматты транспорттық «Ақылды қала» жүйесін енгізумен айналысатын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 қаңтар 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.