Атырау, 23 сәуір 21:00
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Полиция қыз баланы қағып өлтірген жүргізушіні іздестіруде

3 097 просмотра

Полиция Атырау-Дамбы жолында жасөспірім қызды қағып кеткен жүргізуші немесе көлік туралы қандай да болмасын ақпарат білетін барша жаннан 98-20-42, 98-20-22, 98-21-47 немесе 102 телефондары бойынша ІІД анықтау басқармасына қоңырау шалуды өтінеді.

17 қаңтарда таңертең қала түбіндегі Жаңаталап ауылының маңында Атырау-Дамбы жолында облыс орталығы жақтан келе жатқан белгісіз көлік 14 жастағы қыз баланы қағып кетіп, оқиға орнынан ғайып болды.

Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қаңтар 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.