Атырау, 19 сәуір 18:01
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​«Жер митингілері» туралы іс: «Саясат» пен футболкадан басқасы қаралмайды

Сурет
6 536 просмотра

Image 2
Бүгін, 18 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляцияны қарауды жалғастырды.

Айта кету керек, БАҚ өкілдерін процеске жіберу ережесі бүгін аяқ астынан өзгерді. Журналистерге залға кіруге мүмкіндік берді, бірақ олар бүкіл аппаратураларын кірер ауызға қалдыруға мәжбүр болды. Қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА төрағалық етуші судья Тәтті УӘЛИЕВАДАН бұл шешімнің себебін білуге тырысты. Жауап шамамен мынадай болды: журналистер процесс кезінде қозғалып, оның өтуіне кедергі болуы мүмкін. Сондықтан оларға отырыс басталғанша және үзіліс кезінде азғана уақыт беріледі.

Алайда аталмыш уақыт аралығында БАҚ өкілдері өздерінің техникалық құралдарын пайдалана алмады. Бұған сот приставтары мен полицейлер кедергі келтірді. Айтпақшы, техникаға қатысты тағы бір қызықты жайт орын алды. Залдағы адамдардың бірі (заң бұзушылық болса да) судьяға:

Мәртебелім, сіз бізге сот залында телефон пайдалануға тыйым салдыңыз. Ендеше неліктен жекелеген адамдар сіздің шешіміңізді ескермейді? деді.

Төрағалық етуші кім туралы айтып тұрғанын нақтылауды өтінді. Жанында отырғандар әскери жинақы жігітті орнынан тұруға мәжбүрлеп:

– Біз оның телефонының шалғанын естідік, - деп мәлімдеді.

Приставтар дүйсенбі күні өзін жастар ұйымының мүшесімін деп таныстырған заң бұзушыны есік сыртына шығарып жіберуге асықты. Тағы бір оқиға сәл кейін - мемлекеттік айыптаушы дүйсенбі күні қорғау тарапы мәлімдеген өтінішке баға беру кезінде орын алды. Судья прокурордың сөзін бөліп, азаматтық белсенді Әсел МАҚСОТҚА залдан шығуға бұйрық берді. Себеп – Макс Боқаевтың, Талғат Аянның фотосуреттерін және әлдебір баспа басылымын ұстап жүру болатын. Қызды басқа белсенділер қорғап, тараптар жанжалды реттеуге әрекеттеніп жатқанда, сотталушылар өз камераларына кетіп қалды. Адвокаттардың қайтадан байланысқа шығу туралы ұсынысына олар режимдік мекеменің қызметкері, сержант арқылы бас тартатындықтарын айтты.

Image 1

Ал сол кезде сот Әсел Мақсотқа қатысты райынан қайтып, сот залында қалуға рұқсат берді. Прокурор өз сөзін жалғастырып, бірінші сот инстанциясында мәлімделген өтініштердің барлығына тиісті құқықтық бағалау берілгенін және оларды назарға алудың мәні жоқ екенін атап өтті. Оған адвокат Төлепқали АЯНОВ қарсылық білдірді: өтініш бұдан бұрын ескерілмеді, сондықтан қайтадан апелляцияда жария етуге берілген. Содан кейін сағат 16.00-ге дейін үзіліс жарияланды.

Кешкі отырыста Тәтті Уәлиева ол төрағалық еткен апелляциялық алқа қараудан бас тартқан өтініштер тізімін оқып шықты. Бұл бірінші сот инстанциясы қабылдамаған өтініштер. Ол алқаның Макс Боқаевтың бір өтінішін ғана талқыға салып, шешім қабылдайтынын хабарлады. Бұл судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВАНЫҢ осы істі саяси деп тану және осы іс төңірегінде үлкен қоғамдық резонанстың болуы себепті оған (судьяға) қорғау шараларын қолдану туралы қаулысын заңсыз деп тану болатын. Жанаргүл Боқаева, мәселен, судья Дәулешова өзінің осы қаулысымен үкімді алдын ала белгілеп, кінәсіздік презумпциясын бұзды деп есептейді

Сонымен қатар, сот алқасы ұлы Талғатқа сонау Семейдегі куәгер Марлан ЕСІЛБАЕВТЫҢ пәтерінен табылған және іске заттай айғақ ретінде біріктірілген футболканы кигізіп көру тәжірибесін жасау туралы адвокат Төлепқали Аяновтың өтінішін қарайды

Бұл 46-шы өлшемді футболка. Ал менің Талғатым ірі, бойы 195 см. Оған бұл футболка сыймайды, – деді адвокат.

Image 0

Әкесінің сөзі 2,5 сағатқа созылды. Ол үкімнің ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің барлық принциптеріне қарама қайшы екенін айтты, іс материалдарындағы көптеген сәйкессіздіктерді санамалап шықты. Содан кейін ол және ағасының қорғаушысы Жанаргүл сотқа депутаттармен, министрлермен болған сұхбаттардан үзінділер келтірілген роликті ұсынды. Онда олар алдағы 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап қазақстандық жерлердің шетелдіктерге сатылатындығы туралы жайбарақат әңгімелеп отыр.

Сіз сот ісінің қаралу мәнін алмастыруға тырысып отырсыз, - деп мәлімдеді бұған Т.Уәлиева.

Осыдан кейін сот отырысы ертең, 19 қаңтарда сағат 10-да жалғасататын мәлімдеді.

Марат ТАКУЛИН

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген «АЖ»

18 қаңтар 2017, 23:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.