Атырау, 29 наурыз 17:32
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Еркінқалалықтар уәде етілген асфальтты талап етуде

Сурет Бейнежазба
2 487 просмотра


Редакцияға қала маңындағы Еркінқала-2 ауылының тұрғындарынан бейнежазба келіп түсті.

Редакцияға WhatsApp арқылы ролик жолдаған Берік есімді тұрғынның айтуынша, еркінқалалықтар 2017 жылдың жоспарына ауылды асфальттау жұмыстары енгізілмегенін білген соң жиналыпты:

- Бұдан бұрын қалалық әкімдікте 2017 жылы жалпы ұзындығы 9,8 км болатын 6 көше асфальтталады деп уәде берген еді. Енді билік бұрынғы жоспарларынан бас тартып отыр. Біз биыл №2,12, 34 (бұлардың жартысы асфальтталған) және 40 көшелерге мектеп автобустары жүре алуы үшін асфальт төсеуді талап етеміз. Әйтпесе, үлкен митинг ұйымдастырамыз.

Еркінқала ауылдық округінің әкімі Ерғали ТАПАНОВТЫҢ айтуынша, шынымен де қала әкімі Нұрлыбек Ожаев болған кезде ауыл тұрғындарына 2017 жылы 6 көшеге асфальт төселеді деп уәде етілген. Бірақ 13 қаңтарда тұрғындармен өткен кездесу кезінде ТКШ бөлімінің өкілі биыл жобалау-сметалық құжаттаманы ресімдеуді аяқтауға ғана үлгеретіндерін хабарлаған. Сараптама мен тендерлік процедураларды есептегенде, жол салу жұмыстары 2018 жылы басталуы тиіс. Сондықтан әлі күтуге тура келеді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
17 қаңтар 2017, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.