Атырау, 25 сәуір 19:29
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Еркінқалада итке таланған баланы ауруханадан шығаруға дайындап жатыр

2 628 просмотра

Қазіргі уақытта Еркінқалада иттер талап тастаған баланың жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп есептейді. Оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Ауруханаға түскен кезде баладағы ең үлкен жарақат санында болатын, біз оны тіктік. Бұдан басқа, ол құтырмаға қарсы вакциналар алды. Әрі қарай алты ай бойына арнайы сызба бойынша ем алатын болады, - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрғабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ.Бала өз-өзіне келген бойда онымен біздің психолог жұмыс жасай бастады. Бала қорқып қалған, бірақ, біртіндеп тынышталды. Бүгінде ол өзін жақсы сезінеді, қазір тәбеті ашылып, шахмат ойнайтын болды. Осы аптада тіккен жібін алып, үйіне шығаруды жоспарлап отырмыз.

Оның айтуынша, бағына қарай, бала бетінен жарақат алмаған және оған пластикалық ота қажет емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 қаңтар 2017, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.